7М01704 “ШЕТ ТІЛІ: ЕКІ ШЕТ ТІЛІ” ББ МАГИСТРАНТТАРЫНЫҢ 2-ОҚУ ЖЫЛЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАСЫ

2022-2023 оқу жылының академиялық күнтізбесіне сәйкес 7М01704-“Шет тілі: екі шет тілі” ББ магистранттарының 2 – оқу жылы бойынша педагогикалық практикасы 2022 жылғы 14 қараша мен 2 желтоқсан аралығында жүзеге асырылады.

2022 жылғы 11 қарашада магистратура топтарының эдвайзері Құрман Н. К. тәжірибенің осы түрінен өту бойынша бекіту конференциясын өткізді. Конференцияда практиканың мақсаты мен міндеттері, ұйымдастырылуы, өту рәсімі, талаптары мен есептік құжаттамасы бойынша толық ақпарат берілді. Сондай-ақ, кафедраның пәндері бойынша магистранттарды бөлу бойынша ақпарат берілді, олар педагогикалық практиканың үш аптасы ішінде жүргізілуі тиіс және практикадан өту қорытындылары бойынша есепті құжаттаманың дайындық мерзімдері белгіленді.

Магистранттар өз кезегінде өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жауап алды.

Практика жетекшісі – философия докторы (PhD), доцент Ж.Г. Газиханова.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.