Карантин кезіндегі көмек

Әлемді жаулаған короновирус ауруы салдарынан жер бетінде мемлекетте заңды түрде карантин жарияланған. Қатаң тәртіпке қарамастан «Bolashaq» академиясының жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Мейрбек Қайырбекұлы Байшагиров пен Ю-16-2 тобының студенті Темірлан Байшагиров жұмыссыз және қамқоршысыз қалған жағдайы төмен отбасыларға, мүгедектерге, көп балалы жанұяларға азық-түлік апарып қол үшін беріп көмектесуде.

Ағайынды Байшагировтардың ағымдағы жылдың наурыздың 17 жұлдызында жақсылыққа шақыру, халыққа үндеу ретінде түсірген «ӨЗІҢ ҮШІН…» атты ролигі әлеуметтік желіде тез таралып, еліміздің барлық instagram парақшалары мен youtube каналдарына жетіп, тіркелушілері көп адамдар бұл істі қолдап, қайырымдылық акцияларын өткізе бастады.

Қайырымдылық ауқымды іс-шаралар егеменді мемлекетіміздің әр қаласында, түкпір-түкпірінде қолға алынды. Осыған орай, кенші қаламыздың өнер саласындағы азаматтар бірлесе отырып, күніне 2-3 отбасыны тамақ, азық-түлікпен қамтып келеді. Ағайындылардың айтуынша мұндай акциялар тек карантин кезінде ғана емес, сонымен қатар, күнделікті әдетке айналдыруды жоспарламақ.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.