Праймериз – жастарға жаңа мүмкіндік

«Bolashaq» академиясының Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен қазанның 20-сында «Праймериз – жастарға жаңа мүмкіндік» тақырыбында дебат турнирі өтті.

Турнир Америкалық парламенттік форматта 2 фракцияның қатысуымен өтті. Мақсаты: дебат ойындары арқылы еліміздің барлық өңірлерімен тығыз байланыс орнату, студенттердің білімін арттырып, ойлау жүйесін дамыту.

Сайыс барысында праймериз бағдарламасының тиімді және тиімсіз жақтары талқыға салынып, үкімет пен оппозиция тараптары өз ойларын білдірді.

Сайысқа үкімет тарапынан К-17-1 тобының студенті Мағрұпжан Бексұлтан мен ИН-19-2 тобының студенті Сыздық Анияш қатысса, К-17-1 тобының студенті Өміртаев Төребай мен Ю-19-2 тобының студенті Қожахметов Марлен оппозиция тарапын қорғады.

Бұл сайыс «Bolashaq»академиясында тұңғыш рет онлайн платформада өтіліп, жеңімпазды анықтау көрермендерге ұсынылды.

К-17-1 тобының студенті Ақтоты ӘЛТАЙ

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.