12 мамыр күні М.О.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханасында, «Балалар жылы» және Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай эссе жазу байқауы өткен болатын.
Эссе тақырыбы: «Қорғансыздың күні» әңгімесіне және «Қараш-қараш оқиғасы» повесіне талдау жасау.

Аталған іс-шараға “Bolashaq” академиясының атынан қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының 2 курс студенті Оразхан Айкенже қатысты.
Байқау «Қарағанды қаласының мәдениет тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-нің қолдауымен және «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің ұйымдастыруымен өткізілді.
БАЙҚАУДЫҢ ДЕМЕУШІСІ: Қоғам қайраткері, «Халық алғысы» мерекелік медалінің иегері, «Нәтиже» компаниясы мен «220 VOLT» фирмасының бас директоры Әшім Ерлан Мұқатайұлы.
Байқау қорытындысы бойынша: К-20-1 тобының студенті Оразхан Айкенже Оразханқызы II орынға ие болып, ақшалай сыйлықпен марапатталды.

