2021 жылдың 21 қаңтарында Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы жанындағы ресурстық Тіл орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасын таныстыру» тақырыбында үгіт-насихат жұмысы ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасын таныстыру болды.

Іс-шараға спикер ретінде Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, «Bolashaq» академиясының профессоры Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы қатысты.

Бұл оқиға әлеуметтік FaceBook-те Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ресми парақшасында көрініс тапты.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=2895502497388348&id=100007858776823