2021 жылдың 2-желтоқсанында заң пәндері кафедрасының оқытушылары А.Ж. Әбдіжәми, Г.К. Отыншиева, Д.Б. Нуртаева Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнінің 30-жылдығына арналған «Тәуелсіз ел ұрпақтары» атты құқықтану білім беру бағдарламысынан басқа, барлық білім беру бағдарламасы студенттерінің арасында брейн-ринг ойынын өткізді.
Ойынның мақсаты мен міндеті:
- Студенттердің тұлғалық интеллектуалды дамуына, әрі қарай оқуға және шығармашылық зерттеулерге ынталандыру;
- позитивті бәсекелестік дағдыларын дамыту:
- шығармашыл жастарды шоғырландыру.
Брейн-ринг ойыны 3 кезеңді қамтыды:
- Кім жылдам?
- Жалпы сұрақтар.
- Егер де мен………
Ойынға фармация, қазақ тілі мен әдебиеті, қаржы, педагогика және психология, бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі бағдарламаларының студенттері қатысты.


Ойынның қорытындысы бойынша:
1-орынды қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының студенттері иеленді (Оразхан Айкенже, Журагат Аймарал, Шокпарова Алуа).
2-орынды фармация білім беру бағдарламасының студенттері иеленді (Жарылгасынов Ерсұлтан, Ысқақов Әлібек).
3-орынды қаржы (Танашов Жанат, Алтынбек Аяжан) және педагогика және психология, бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі бағдарламаларының студенттеріі иеленді (Мусалим Мадина, Мухамедия Айым).
