«Мемлекеттік тілді оқыту үдерісі және сандық технология»

04.03.204ж «Bolashaq» Академиясындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Б.А.Абылбаева   Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы өзара ынтымақтастық байланысы аясында Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетімен бірлесіп «Мемлекеттік тілді оқыту үдерісі және сандық технология» тақырыбында ұйымдастырған облыстық семинарға  қатысты. 

Мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіріп, оқыту үдерісінде сандық технология мүмкіндігін пайдалану жолдарын насихаттау және оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында қолға алынған іс-шараға ЖОО оқытушылары, Облыстық және қалалық тілдерді оқыту орталығының оқытушы-әдіскерлері қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

Іс-шара барысында әріптестер арасында ынтымақтастық орнап, ұтымды ұсыныс-пікірлер айтылды. Семинар соңында Ресурстық тіл орталығының директоры Бибігүл Сәдуқызы мазмұнды баяндама жасаған спикерлерге ризашылық білдіре отырып, еңбектеріне жеміс тілеп, алғысхат, сертификат табыстады.  Семинардан қоржынымызға қосқанымыз да көп болды.

Алдағы уақытта да өзекті мәселелердің шешімін бірге шешіп, тіліміздің деңгейін көтере беретінімізге сеніміміз мол.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.