Педагогика кафедрасының “Өзекті жұмыс орындарының кәсіптері жәрмеңкесі” кәсіптік бағдар беру жұмысы

2024 жылғы 29 ақпанда “Bolashaq” Академиясы “Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” ММ қолдауымен Саран қаласының мансап орталығы ұйымдастырған “Өзекті жұмыс орындары кәсіптері жәрмеңкесіне” қатысты. Жәрмеңке Саран қаласының Мәдениет үйінде өтті.

Оқушылармен кездесуде педагогика кафедрасының оқытушылары Г.К. Нұркенова, Е. А. Алексеева “Bolashaq” Академиясының негізгі бәсекелестік артықшылықтарын, білім беру бағдарламалары, оқыту мүмкіндіктері мен болашағы туралы ақпаратты ұсынды.

Іс-шараға келушілер оқу бағыттарымен, оқуға түсу шарттарымен және жұмысқа орналасу перспективаларымен таныса алды.

Бұл іс-шараның мақсаты: оқушыларға болашақ мамандығын таңдауға көмек көрсету, оқушыларды кәсіби өзін-өзі анықтауға дайындауда белсендіру.

“Өзекті жұмыс орындарының кәсіптер жәрмеңкесіне” қатысу өкілдерге оқу орнын білім беру қызметтері нарығында танымал етуге, болашақ талапкерлермен және жетекші жұмыс берушілермен танысуға мүмкіндік береді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.