Қатыгездік және зорлық-зомбылық

2024 жылғы 4 сәуірде ПМНО-23-2 тобында “Қатыгездік және зорлық-зомбылық” тақырыбында кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағаттың мақсаты:еліміздегі өзекті проблема “Қатыгездік және зорлық-зомбылық” тақырыбын талқыға салып, студенттерге зорлық-зомбылық болған жағдайда не істеу керек екенін түсіндіру.

Зорлық-зомбылық — жеке тұлғаға қол сұқпаушылық, (тәндік және рухани мағынада) туралы азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі.

Түрлі тәсілдермен ұрып-соғу, дене жарақатын салу, азаптау (азапқа салу және денсаулыққа зиян келтіру); адам психикасына (жүйкесінің тозуы немесе тіпті жынданып кетуін тудыруы мүмкін) қорқыту, тәнге жарақат салу катері жолымен ыкпал ету және т.б. зорлық-зомбылыққа жатады.Зорлық-зомбылықты қолдану аркылы жасалған қылмыс, қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болып табылады.

Қорытындылай келе, ПМНО-23-2 тобынның студенттері “Қатыгездік және зорлық-зомбылық” тақырыбында пікір таласып, өз ойларын жеткізіп, сондай жағдайларда не істеу керегін білді.

      

      Куратор:Жапанова Риза Набиевна

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.