2022 жылғы 4 қазанда кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 11-сынып оқушылары үшін ұйымдастырылған Ашық есік күні өткізілді. Абай қаласы А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары біздің ЖОО-ның бас ғимаратында болып, әрбір білім беру бағдарламасы бойынша жабдықталған барлық аудиторияларды тамашалады.
Біздің ЖОО-ның негізгі бәсекелестік артықшылықтары, білім беру бағдарламалары, оқыту нысандары туралы ақпарат алды. “Құқықтық және қаржылық пәндер” кафедрасының аға оқытушысы М. Ж. Кужукпаев криминалистикалық полигонға барып, оларды криминалист-заңгердің негізгі жұмысымен таныстырды.
Оқушылар академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері, халықаралық конференцияларға, конкурстарға қатысу, жеңілдіктер, стипендиялар және оқу ақысының икемді жүйесі туралы ақпарат алды. Фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы К. С. Теміреева “Фармация” ББ бойынша көптеген ақпарат берді. Ол дәріхананың, физиология, анатомия және дәрі-дәрмек технологиясы зертханаларының көрсетілуімен экскурсия өткізді және осы орайда туындаған оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Химия ғылымдарының кандидаты Сиволобова О. А. химияның зертханалық кабинеттерімен таныстырып, химиялық реакцияларды көрсетті.
Оқушылар әңгімеге белсенді қатысып, қабылдау шарттарына байланысты өздерін қызықтырған сұрақтар қойды. Бұл кәсіптік бағдар беру жұмысы оқушыларды өз мүмкіндіктерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін түсіну негізінде саналы, ынталы мамандық таңдауға итермелейді. Оқушылар ЖОО-ға түсу туралы сұрақтарға толыққанды жауаптар алды.