“Bolashaq” академиясы 2002 жылдан бастап жыл сайын “Қазіргі әлемдегі ғылым мен білім” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Биылғы жылы конференция 2022 жылдың 29 сәуірінде өтті, ол офлайн және онлайн форматта өткізілді.
Әдеттегідей, конференцияны ұйымдастыру және өткізу аясында біз Ресей, Украина, Түркия, Өзбекстан, Беларусь Республикасының және т. б. тұрақты серіктестерімізбен жұмыс істейміз.
Ынтымақтастық туралы шарттар шеңберіндегі конференцияның бірлескен ұйымдастырушылары:
- Ататүрік университеті, Эрзурум қ., Түркия
- Н.Ф. Катанов атындағы Хакас мемлекеттік университеті , Абакан, Ресей
- Санкт-Петербург заң институты, Санкт-Петербург, Ресей
- Орск гуманитарлық-технологиялық институты (филиалы) Ресей Федерациясы, Орск қаласы,
- Қорған мемлекеттік университеті, Қорған, Ресей
- М Остроградский атындағы Кременчуг ұлттық университеті. Украина,
- Орыс тілі институты Рудный қ., Мәскеу, Ресей.
Қазақстанның баяндамалары еліміздің келесі жетекші жоғары оқу орындары мен колледждерінің жұмыстарымен ұсынылды:
- Астана Халықаралық Университеті, Нұр-Сұлтан қ, Қазақстан
- Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті Алматы қ. Қазақстан
- Қарағанды медицина университеті Қарағанды қ., Қазақстан Республика
- Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қарағанды, Қазақстан Республикасы
- Ә. Сағынов атындағыҚарағанды техникалық университеті, Қарағанды, Қазақстан Республикасы
- Б. Бейсенов атындағы ІІМ Қарағанды академиясы Қарағанды, Қазақстан Республикасы
- Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Қарағанды, Қазақстан Республикасы
- А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау, Қазақстан Республикасы
- Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау, Қазақстан Республикасы
- Астана Халықаралық университетінің педагогикалық колледжі, Нұрсұлтан, Қазақстан Республикасы
Тәжірибе өткізуші ұйымдардың төмендегідей жұмыстары ұсынылды:
- «Оқушылар сарайы» КМҚК Қарағанды қ, Қазақстан Республикасы
- КМЌК «Балапан» бөбекжайы Ќарағанды қ., Қазаќстан Республикасы
- КМҚК «Ақерке» бөбекжайы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы
- Ермеков атындағы тірек мектеп-интернаты (Ресурстық орталық) шағын орталық Қарағанды облысы.Шет ауданы.Ақадыр кенті
- Қ. Мыңбаев БМ КММ Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Қазақстан Республикасы
- КМҚК “Оқушылар сарайы ” Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы
- «№19 мектеп-лицей» КММ. Қарағанды облысы, Сәтбаев қ, Қазақстан Республикасы
- Дарын мамандандырылған мектеп-интернаты, Қарағанды, Қазақстан Республикасы
- № 100 кешкі мектеп, Қарағанды, Қазақстан Республикасы
- Әл-Фараби Атындағы МГ КММ Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы
- “Таңшолпан кешенді мектеп-бөбекжайы” КММ, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы
Конференцияның Ұйымдастыру комитетіне 190 баяндама келіп түсті, олардың материалдары бүгін ПДФ-форматында ұсынылды және екі томдық данамен таратылды. 92 баяндама академиядан және 98 – Қазақстанның, алыс және жақын шетелдердің басқа ЖОО мен ұйымдарынан түсті.
Пленарлық отырыста Түркия, Қазақстан, Ресей және Украина ғалымдары сөз сөйледі, шақырылған шетелдік және отандық ғалымдар белгіленген уақытта өз баяндамаларын жасады, баяндамалардың тақырыптары қазіргі уақыттағы өзекті мәселелерге арналды. Сөз сөйлеу қорытындысы бойынша оларға алғыс хаттар мен сертификаттар берілді.
Пленарлық отырыстан кейін келесі бағыттар бойынша секциялар жұмысы басталды:
- Секция 1. Заң ғылымы мен құқық қолдану практикасының өзекті мәселелері.
- Секция 2. Қазіргі экономикадағы қаржы жүйесін дамыту.
- Секция 3. Көптілді әлемдегі қазіргі тілдік жағдай.
- Секция 4. Тіл білімі мен ұлттық әдебиеттегі жаңа бағыттар.
- Секция 5. Қазіргі ғылыми зерттеулер: өзекті мәселелер, жетістіктер мен инновациялар.
- Секция 6. Педагогика және психология: дамудың өзекті мәселелері мен үрдістері.
- Секция 7. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарды дамытудың өзекті мәселелері.
- Секция 8. Биология, медицина және фармацияның заманауи аспектілері.
Біз конференцияға қатысып, қолдау көрсеткендердің барлығына шын жүректен ризамыз. Біздің конференцияға қатысқандарыңызға ризамыз.