23 қарашада № 23 жалпы білім беретін мектебінде «Bolashaq» академиясының «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 3 курс студенттері Нұркен Еркеназ бен Сейдуали Мадинаның ұйымдастыруымен 3 -ші сыныптар арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты білімділілер сайысы өтті.
Мақсаты: оқушыларды мақал – мәтел, жұмбақтар айту арқылы қиыннан қиыстыра білуге үйрету, ой-өрісін кеңейту, оқуға деген құлшыныстарын арттыру. Сайыс басталмас бұрын әділ қазылар алқасы сайланды.
Әділ қазылар алқасы:
1. Кошкимбаева Асем Кенжебаевна – директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары;
2. Қалдыбаева Баян Ибашевна – бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші;
3. Курманкулова Азима Тасбековна – педагог-сарапшы, бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі.
Әділ қазылар алқасы құрамына ұпай кетесі берілді, 1-10 аралығындағы ұпай сандары арқылы жеңімпаздарды анықтап отырды.
Оқушылар «Қыран», «Тұлпар», «Сұңқар» деп 3 топқа бөлінді. Сайыс таныстырудан басталды. Топ басшылары топтың құрамымен, ұрандарымен, төсбелгілерімен таныстырды. Сайыс бес айналымнан құралды. Бірінші айналым: «Кім көп біледі?»: бұл сайыста әр топқа 3 минут уақыт берілді, әр топ мақал-мәтел айтып жарысты. Екінші айналым: «Мақал – сөздің мәйегі». Бұл жерде үлестірмелі қағаз таратылды. Қағазда мақал-мәтелдердің басы берілген, топтар сол мақалды әрі қарай жалғастырып жазу керек. Бұл айналымда топтардың ұйымшылдығын байқап, бір-бірлеріне көмектескендерін байқадық. Үшінші айналым: «Кім тапқыр?». Бұл айналымда үш топқа бірдей жұмбақтар қойылды. Кім бірінші қол көтеріп, жауап берсе, сол топ ұпай жинап отырды.
3 айналымнан кейін сергітіп алу мақатында «Хоки-поки» атты сергіту сәті ұйымдастырылды.
«Даналық ойдан дән ізде» айналымында үш топқа мақал–мәтелдер берілді, шарты мағынасын айтып, түсіндіру болды. Топ басшылары шығып, мақал–мәтелдердің мағынасын ашып, түсіндіріп бере алды.
«Ойлан, тап» айналымында оқушылар топпен бірге ребус шешіп, жауаптарын оқып берді.
Сайыс жоспары 3- ші сыныптың оқу бағдарламасына сәйкес жасалды. Балалар топпен жұмыс жасап әрі білімдерін шыңдады. Мақал- мәтелдің құндылықтарын түсініп, ата-бабамыздан келе жатқан қазақтың өшпес мұрасын жаңғыртып, мағынасын тереңдете түсті.
Бұл сайысқа қонақ болып «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., доцент Асакаева Дана Саламатовна мен аға оқытушылар Жапанова Риза Набиевна, Сарбасова Қалимаш Амангелдиновна, Арунова Жанна Ануаровна және де «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 1,2,3 курс студенттері, № 23 жалпы білім беретін мектептің басшылығы мен бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Сайысымыз жоғары деңгейде өтті. Әділ қазыларымыз қорытындылап, балаларға марапаттау қағаздары мен азын аулақ сыйлықтарымыз табысталды. Жинаған ұпай сандары бойынша жеңімпаздар анықталды.