Antikor ortalyǵy ” департаментінің сервис орталығында облыс тұрғындары үшін Ашық есіктер күні өтті.
Іс – шараға Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Денис Шакенов, басшының бірінші орынбасары-Асхат Оразхан, Департамент қызметкерлері, өңір тұрғындары, жоғары оқу орындарының студент-заңгерлері, ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясының курсанттары, сондай-ақ “Әділдік жолы” республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының өкілдері қатысты.
Бұл іс-шараға “Bolashaq” Академиясынан Ю-20-1 тобының студенттері қатысты.
Облыстың барлық тұрғындары тұрақты негізде “open space” форматындағы арнайы кабинеттер орналасқан “Antikor оrtalyǵy” – де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жүгіне алады, онда департамент қызметкерлерінен заң консультациясын алуға болады.
Anticor ortalygy-ның негізгі мақсаты азаматтарды кедергісіз қабылдау және олардың өтініштері бойынша жедел шаралар қабылдау үшін қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.
Іс-шара барысында тұрғындар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыттарымен танысты, өз кезегінде студенттерге Мемлекеттік қызметке орналасу рәсімі туралы ақпарат берілді және арнайы құралдар мен жабдықтарды пайдалана отырып, мемлекеттік қызметшіні ұстау бойынша оқу құралдары шеңберінде шағын көрініс көрсетілді. Бұл ұсыныстың мақсаты еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне қызығушылықты арттыру, сондай-ақ қызметке жас, сауатты және мақсатты мамандарды тарту болып табылады.
Antikor ortalyǵy сервис орталығына әркім жүгіне алады. Азаматтарды қабылдауды жұмыс күндері сағат 09:00-ден бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 12 мекенжайы бойынша жүзеге асырады.