Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Үкіметі мен Түркия Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы әріптестік туралы келісімге қол қойғаны белгілі. Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов екі ел келісімінің негізгі бағыттарын атап өтті. Бұл бағыттар оқытушылардың, педагогтардың және білім беру ұйымдары басшыларының тәжірибе алмасуын, білім алушылардың өзара негізде ғылыми және мәдени жобаларға қатысуын ынталандыруды және т.б. қамтиды.
Жақында “Bolashaq” академиясының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Ибраева Баян Мұқышқызы Түркия Республикасының Коджаели университетінде академиялық ұтқырлықтан өтті. Осылайша, екі ел арасындағы ынтымақтастық жалғасуда.