“SHOQAN CUP-I” республикалық пікірсайыс турнирі

28-29 мамыр күндері Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде “SHOQAN CUP”республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге Семей, Қарағанды, Екібастұз, Көкшетау, Қостанай, Павлодар және Нұр-сұлтан қалаларынан дебатшылар қатысты.

“Bolashaq” академиясының дебат турниріне “Bolashaq” және ” В душе аға буын “фракциялары қатысты

Турнирдің мақсаты: Қазақстан Республикасы жастарының патриотизмін нығайту, инновациялық идеялармен және оң тәжірибемен алмасуды қамтамасыз ету, жастардың білім деңгейін және сыни ойлау дағдыларын арттыру. Жастарды азаматтыққа және патриотизмге тарту.

Ойындар Британдық парламенттік форматта (БПФ) өтті. Турнир БПФ форматы бойынша 4 іріктеу кезеңінен, ширек финалдан, жартылай финалдан және негізгі финалдық ойындардан тұрды.

“Bolashaq” фракциясы 4 іріктеу кезеңін өткізіп, жартылай финалға дейін жақсы нәтиже көрсетті.

Фракциялар “Bolashaq” академиясының ректоры Қ.Н.Меңлібаев пен академия әкімшілігіне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.