
Қарағанды «Bolashaq» академиясында өткізілген Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай әлемі» жалпыұлттық онлайн-студенттік өнер фестивалінің іріктеу кезеңі 2020 жылдың 31 қазаны күні онлайн режимінде өткізілді.
«Абай әлемі» өнер фестиваліне академияның қазақ және өзге ұлт өкілдері мен шетелдік студенттерді қоса алғанда – барлығы – 12 студент қатысты.
Іріктеу кезеңіне өткізуге академияішілік қазылар алқасы құрылды.
Қазылар алқасының құрамы:
Ахметова Ботагөз Тельмановна – әлеуметтік және тәрбие жөніндегі проректор.
Бағдал Айболат – қазақ тілі мен әдебиеті қафедрасының оқытушысы
Тукубаева Гульмира Нурахметовна – фармацевтика кафедрасының аға оқытушысы
Кожахметов Марлен Аскарович – «Bolashaq» академиясының студенті


Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары:
«АБАЙ ӘНДЕРІ» байқауы (музыкалық білімі жоқ үміткерлер үшін) – Рахимбекова Рауана 4-курс студенті
«АБАЙ – ӘЛЕМ ТІЛДЕРІНДЕ» байқауы – Бобокулова Шохиста
«АБАЙ ӘЛЕМІ» сурет өнерінде» байқауы – Дадаева Эмина
Жауапты: Бағдал Айболат


