“Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар” пәні бойынша ашық сабақ

2 желтоқсанда Ю-21-1 тобының студенттерімен “Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар” пәні бойынша ашық сабақ өтті. Сабақты жалпы білім беру пәндері кафедрасының профессоры М.Б. Шашанова жүргізді.

Өздік жұмыс аясында студенттер ағылшын тілінде презентациялар әзірлеп, баяндамалар жасады, онда осы тақырыптың әртүрлі аспектілері қарастырылды. “Веб-құрылым. Веб-бағдарламалау тілдері” туралы Хартман Зинаида, ал “Интернеттегі қауіпсіздік ” тақырыбында Гиберт Ксения баяндама жасады.

Баяндамалардан кейін сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді. Оқытушылар мен студенттер әр мәселені қызу талқылады.

Баяндамашы студенттер ағылшын тілін жақсы білетіндіктерін, ағылшын тілінде пән жүргізу арқылы тәжірибе алу мүмкіндігін көрсетті. Сабаққа қатысқандар: оқу-әдістемелік кеңестің өкілі ЖББ кафедрасының оқытушысы И. Ю. Григорчук, педагогика кафедрасының оқытушысы А.Косманова, және өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіріп, ашық сабақ өткізудің жоғары деңгейін атап өткен фармация кафедрасының оқытушысы Д.С. Тутай.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.