Қазақстанның 30 жылдығына арналған «Сен үшін жасаймын, менің Қазақстаным» атты шығармашылық жұмыстардың өңірлік фестиваль-конкурсы

2021 жылы Қазақстан Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеді. Осы 30 жыл ішінде Қазақстан бейбітсүйгіш сыртқы саясатты жүзеге асыратын және халықаралық аренада танымал, орнықты дамуы бар тұрақты мемлекетке айналды.

Алдағы мерейтойға байланысты Қарағанды техникалық университеті 15-26 қараша аралығында Қазақстанның 30 жылдығына арналған «Сен үшін жасаймын, менің Қазақстаным» атты шығармашылық жұмыстардың өңірлік фестиваль-конкурсын өткізеді.

Байқауға ЖМ “Bolashaq” академиясының мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасының бірінші курс студенті Драпова Ирина қатысады.

Шын жүректен оған шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.