Республикалық қашықтық байқауы

Гуманистік педагогика орталығының мүшесі, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу кафедрасының доценті Шалтаева Роза Жиембайқызы 6В01301 “Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі” білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын ПМНО-18-2 тобының студенттері Санат Ақмарал, Советова Аяулымды (Үздік сценарий), “Абырой” ” зияткерлік порталымен ұйымдастырылған республикалық қашықтықтан өтетін конкурсқа дайындады.

Байқаудың мақсаты-педагогикалық тәжірибені жинау және насихаттау үшін қатысушылардың ғылыми-зерттеу, шығармашылық және кәсіби дағдыларын арттыру, ғылымға деген қызығушылығын дамыту.

Байқаудың міндеті-зерттеулер мен білімге қызығушылықты арттыру арқылы оқыту сапасын арттыру. Шығармашылық дағдыларды, таным дағдыларын арттыру, ғылыми жобалар арқылы таланттарды анықтау.

Байқауға қатысушылар келесі бағыттар бойынша қатыса алды: 1-11 сынып оқушылары; балабақша тәрбиеленушілері; студенттер; мектеп және колледж мұғалімдері.

Санат Ақмарал, Советова Аяулым: студенттер деген жолдаумен қатысты.

Мұғалімдерге арналған конкурстардың тақырыптары: Үздік сыныптан тыс іс-шара; Үздік сценарий; Үздік сабақ жоспары; Үздік ашық сабақ ; Үздік сынып сағаты; Мұғалімнің үздік портфолиосы ; Сабаққа үздік презентация; Үздік психолог; Мұғалімнің таланты.

IV КУРС, ПМНО-18-2 -к тобының студенттері Санат Ақмарал,Советова Аяулым қазіргі уақытта “Бастауыш мектебіндегі ата-аналармен жұмыс” пәнін оқып жатқандықтан “Үздік сценарий”(ата-аналар жиналысы) тақырыбында байқау жұмысын жазды. Тәрбие жұмысын құрудағы маңызды буын-бұл мұғалімнің оқушының ата-анасымен қарым-қатынасы. Отбасы-бұл жеке тұлғаның негізі қаланған баланың өмірі мен дамуының табиғи ортасы. Баланың дамуының қай жағын алсақ та, әрқашан отбасы белгілі бір жас кезеңінде шешуші рөл атқаратыны белгілі болады. Студенттер таңдаған тақырып өзекті болып табылады. Студенттердің ғылыми жұмыстары дипломдармен марапатталды.

Ғылыми жетекші, ДОВ кафедрасының доценті Шалтаева Роза Жиембайқызын, жеңімпаздар Санат Ақмарал мен Советова Аяулымды құттықтаймыз.

Құттықтаймыз және ғылыми жетістіктер мен табыстар тілейміз!!!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.