8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай💐«Bolashaq» Академиясының нәзік жандылар қауымының профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне арналған мерекелік кеш өтті🌸 Мерекелік кештің шымылдығын Академия ректоры Рысмагамбетова Гульнара Мусиевна ашты.


Мереке қарсаңына орай Академия ректоры педагогикалық ұжымдағы нәзік жандыларды Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапаттады.

Ұжымның ер азаматтары атынан Құқық және қаржы пәндері кафедрасының меңгерушісі, профессор Кабжанов Ақылбек Тайболатович құттықтау сөз сөйлеп, әйел қауымына жылы лебізін жолдады.

Әрі қарай Академиямыздың талантты студенттеріне кезек берілді. Кеште ән шырқалып, би билеп, көріністер көрсетілді. Бұл мейрам – ізгіліктің, мейірімділік пен әдеміліктің нышаны.





