Құрметті әріптестер, “Bolashaq”академиясының құрметті студент жастары!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Отан қорғаушылардың кәсіби мерекесі Елбасының Жарлығымен мемлекеттік мәртебеге ие болып, тойланып келеді. Бұл күн – бейбіт елдің тыныштығын әуеде, құрлықта, теңізде қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әрбір әскери қызметші үшін ерекше күн.
Бүгінгі таңда Қазақстан армиясы Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының басшылығымен оны әрі қарай нығайтуға, әскери-өнеркәсіптік кешенді дамытуға, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге бағыт алды.
Отан қорғаушысы атану абыройлы да ардақты іс. Сіздерге шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгіліктер мен игіліктер тілейміз. Ардагерлеріміздің дені сау болып, сарбаздар мен офицерлер, барлық ер азаматтар табысты қызмет ете берсін!