9 мамыр-Жеңіс күнімен

Құрметті ардагерлер, құрметті әріптестер және біздің студенттер!

Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығымен құттықтаймыз!

Жеңіс күні бәріміз үшін басты мерекелердің бірі. Біз майдандағы ұлы жауынгерлік ерліктерді, әкелеріміздің, аталарымыздың және аналарымыздың еңбек майданындағы ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз. Біздің көптеген жауынгерлеріміз өз елін қорғап, мәңгілік есте қалды. Біз олардың бәрін әрдайым есте ұстауымыз керек, олардың жадына құрмет көрсетуіміз керек! Біздің тәуелсіздікке қол жеткізуіміз, Отанымыз – Қазақстан Республикасының табысты құрылысы мен дамуы көп жағдайда 1945 жылғы 9 мамырдағы жеңіспен тығыз байланысты! Аға буын, соғыс және еңбек ардагерлері біздің жастар үшін ел мен халыққа деген шексіз берілгендіктің, батылдықтың, шыдамдылық пен еңбексүйгіштіктің үлгісі болып табылады!

Майдан мен тыл батырлары туралы естелік біздің жүрегімізде әрдайым сақталады.

Осы Ұлы Жеңіс күні баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт, бейбіт және гүлденген болашаққа деген сенім тілейміз!

Жеңімпаздар ұрпағына тағзым!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.