«Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауы

«Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы, Қарағанды облысы білім басқармасының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылы 28 сәуір күні жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңін «Мағжан Жұмабаев атындағы гимназия» КММ базасында өткізді.

Мағжан оқуларының облыстық байқауының негізгі мақсаты мен міндеттері – облыстың жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында Мағжан шығармаларын насихаттау;

Облыстың жалпы білім беретін оқу орындарының оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау;

Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге, ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда дәйекті жеткізе білуге баулу;

Жас талапкер ақындарға әлеументтік-рухани қолдау көрсетіп, шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру. Жас буынның тарихи танымдарын, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүние танымдары мен сана-сезімдерін, өмірге көзқарастарын қалыптастыру.

 «Bolashaq» Академиясы тарапынан қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Ахметова Нұрбала Темірханқызы қатысып, байқаудың әділ қазылар алқасы құрамында болып қайтты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, мадақтамалармен марапатталды. Жеңімпаз бен жүлдегерлердің жетекшілеріне Алғыс хат табысталды. Барлық қатысушыларға қатысу туралы сертификаттар берілді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.