2022 жылғы 22 қарашада Педагогика кафедрасы ПМНО-20-2 тобының студенттері Қарағанды қаласындағы № 23 ЖББМ-нің филиалында «Таңғажайып алаң» атты интеллектуалды ойын өткізді

Қыркүйек айынан бастап ПМНО-20-2 тобының студенттері дуальді жүйе негізінде тәжірибе жинақтап,  дәріс және практикалық сабақтарын №23 ЖББМ филиалында өткізіп жатыр.  Қараша айында ПМНО-20-2 тобының студенттері 4-сынып оқушыларымен бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің «Білімді ұрпақ – ел болашағы»  айлығы аясында ұйымдастырылған «ТАҢҒАЖАЙЫП АЛАҢ» атты интеллектуалды жарыс-ойынын өткізді. 

Іс-шараны ұйымдастырудың басты мақсаты – оқушыларға XXI – ғасырдағы жаңа технология мен ақпараттандыру жолдарын жетік үйрету.

 Осы іс-шараға «Bolashaq»  академиясының ОӘБ маманы Дана Саматовна Сейтжанова, Педагогика кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к, доцент Дана Саламатовна Асакаева, кафедра оқытушылары мен ПМНО-19-2,ПМНО-22-2, ПИП-22-2 тобының студенттері мен осы мектептін диретордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Кошкимбаева Асем Кенжебаевна , оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байгомбенова Сауле Ныгматуллаевна, бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Студенттер дайындаған  әр кезеңде нақты пәндер бойынша сұрақтар, логикалық сұрақтар оқушылардың зеректіліктерін, шапшаңдық қабілеттерін байқату мақсатында танымдық ойындар ұйымдастырылды. «Таңғажайып алаң» интеллектуалды жарыс-ойыны үш кезеңнен, финалдан түрды, және көрермендермен ойыны да болды. Білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылғалы тұрған оқушылардың білімі ортаға салынды.

Іс-шарада алғы сөз №23 ЖББМ -нің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байгомбенова Сауле Ныгматуллаевна, «Bolashaq»  академиясының ОӘБ маманы Дана Саматовна Сейтжанова мен кафедраның меңгерушісі п.ғ.к, доцент Дана Саламатовна Асакаеваға берілді.

Сонымен іс-шара өте танымды, қызықты, пайдалы өтті. Жеңімпаз топтар арнайы сыйлықтармен, мадақтамалармен марапатталып, іс-шара соңы естелік суреттерге түсумен жалғасын тапты.

 Қатысушылар алған әсерлерімен бөлісе отырып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Осы іс-шараны ұйымдастырушы, №23 ЖББМ филиалына жауапты Сарбасова Калимаш  Амангельдиновна  қонақтар мен қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғыс айтып, іс-шараның сәтті аяқталуымен құттықтап, ұстаздық жолдарында табысты да жемісті болуына және ынтымақтастықта бірлесе отырып жұмыс істеуге ниетін  білдірді.

             «Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы К.А.Сарбасова

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.