«Көктем аруы – 2022»

30 наурыз күні Қарағандыда “Көктем аруы – 2022″облыстық көктем мен сұлулық байқауы өтті. Үздік атағы үшін колледж және жоғары оқу орындарының студенттері күш сынасты.

Эрудиция, әртістік және тапқырлық. Осы критерийлер бойынша жыл сайынғы “Көктем аруы-2022″байқауына қатысушылар бақ сынады. Қыздардың жасы 16-дан 21 жасқа дейін. Жарысқа 10 сүйкімді қыз қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың мақсаты-қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрін дәріптеу.

Конкурсқа “Bolashaq” Академиясынан К-19-1 тобының студенті Жолтай Айболған Оразбайқызы қатысты.
Байқау бағдарламасы қыздардың жарқырай шығуынан басталды. Қатысушылар өздері туралы айтып беруі, барлық өзіне тән қасиеттерді өлеңдер мен әндер арқылы көрсете білуі, сахнада әдемі жүруі тиіс болатын (дефиле).

“Көктем аруы-2022” (Гран – при) атағына “Bolashaq” академиясының 3 курс студенті Жолтай Айболган ие болды.

Айболған “Bolashaq” академиясының басшылығына көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін алғыс білдіреді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.