Қоян-қолтық ұрыстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты

2022 жылдың 23-25 наурызы аралығында Петропавлда қоян-қолтық ұрыстан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Барлық облыстардың спортшылары халықаралық аренада өнер көрсету құқығы үшін жарысты. Ел чемпионатына 300-ден астам спортшы қатысты. Бұл чемпионаттың мақсаты-мықты спортшыларды іріктеп алу, оқу-жаттығу жиындарын өткізу және әлем чемпионатында лайықты өнер көрсету. 18-21 жас аралығындағы 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде III орынды “Bolashaq” академиясының Ю-21-1 тобының студенті Тлеубердинов Әділ иеленді.

Әділ өзінің жаттықтырушысы Сәрсенбек Кәрібайұлы Жақыповқа және “Bolashaq”академиясының басшылығына алғысын білдіреді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.