Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының дәстүрлі конференциясы

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасы “Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін дамыту перспективалары” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Кафедра ұжымы өздерінің қадірлі әріптестерін құрметтеудің жақсы академиялық дәстүріне сүйене отырып, биылғы іс-шараны доцент Кәкімжанов Тұрсынбай Кәкімжанұлын еске алуға арнады. Бастауын доцент Кәкімжанов Тұрсынбай Кәкімжанұлынан алатын осы конференцияны 14 жыл қатарынан осы кафедра өткізген болатын, сондықтан оның қайтыс болған жылына орай, бұл оқиғаны назардан тыс қалдыруға және біздің кафедраның, Академияның және бүкіл елдің игілігі үшін еткен оның еңбегіне тоқтала кетпеуге болмайтын болды.

Біздің әріптестеріміз кез-келген іс – шараны өткізудің өзін тәжірибе алмасу, жас буын оқытушыларына үлкендерді құрметтеу мен ұрпақ сабақтастығын сақтаудың маңыздылығын үлгі ету барысындағы тамаша үрдіс деп санайды.

Биылғы жылы әдеттегідей бізді Украина мен Ресей Федерациясының, Қазақстанның жоғары оқу орындарының, атап айтқанда Астана, Көкшетау, Қарағанды және Орал қалаларынан келген әріптестер қолдады.

Академия ректоры, профессор Рысмағамбетова Гүлнара Мусиевна құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Тұрсынбай Кәкімжанұлының заң мамандығын және жалпы академияны қалыптастыру ісіне қосқан зор үлесіне назар аудара отырып, ерекше еңбегін атап өтті. Сондай-ақ, Академияда ғылыми дәреже алған және біздің құрметті метрлерімізден, оның ішінде ең құрметті Кәкімжанов Тұрсынбай Кәкімжанұлынан жақсы ғылыми сынақтан өткен әрбір оқытушының қалыптасу ісіне жеке тоқталды.

Жалпы, іс-шара жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде гибридті нұсқада (онлайн және офлайн) өтті. Біздің академияның да, өзге де жоғары оқу орындарының да студенттері мен магистранттары өздерінің қанағаттанушылықтарын және аталған іс-шара ғылыми қызмет нәтижелерін сынақтан өткізудің тамаша мүмкіндігі екендігін білдірді.

Атап айтқанда, жағдайды пайдалана отырып, конференцияның барлық қатысушыларына, әсіресе оның ұйымдастырушыларына заң ғылымдарының магистрі Ләззат Мұратханқызы Жүнісова мен Жукен Инкар Асығатқызына жақсы атқарған жұмысы үшін алғыс айтқымыз келеді!

Барлығыңызға толағай табыс пен шығармашылық жеңістер тілейміз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.