22.01.2024 ж.бастап 02.02.2024 ж. дейін ПМНО-22-2 тобының студенттерін ұйымдастыра отырып, 2 аптаға жоспарланған психологиялық-педагогикалық практика бойынша қорытынды конференция өтті. Конференцияға практика бойынша ОӘБ маманы Данагүл Саматқызы Сейтжанова, кафедраның аға оқытушылары Р. Н.Жапанова, Ж. А. Арунова, ПМНО-23-2 және ПМНО-22-2 тобының студенттері : Ошақбаева Д., Алпысбай А., Талғатова А. қатысты. Студенттер “Мағжан Жұмабаев атындағы №39 Гимназия” КММ -де тәжірибеден өтті.
Сөз сөйлеу барысында студенттер мектеп директорымен қалай кездескендері, сыныппен және жетекшімен танысқандары туралы әңгімеледі. Олар оқушылармен психологиялық-педагогикалық жұмыс процесінде маңызды практикалық дағдыларды қалыптастыра отырып, берілген сыныппен тақырыпты талдады, әртүрлі тапсырмаларды орындады, әртүрлі әдістерді қолдану негізінде мұғалім мен сынып жетекшісінің әрекеттерін (сабаққа қатысу, сынып сағаттары, сауалнама, сұхбаттасу, мектеп құжаттарын зерттеу және т. б.), сонымен қатар педагогикалық сынып процесі (үлгерімі, сабаққа қатысуы, тәрбие деңгейі, балалар ұжымының қалыптасу деңгейі) зерттеді және түсінді.
Студенттер практика жүргізілетін сыныпты зерттеді, сынып жетекшісінің күнделікті міндеттерімен танысты, мектептің оқу және тәрбие қызметінің жеке жоспарларымен танысты, олардың оқу процесін іске асыру жолдары туралы білді. Сабақты қызықты ету үшін олар сабаққа дайындалған ойындарды қамтыды және тақырыпты талқылады.
Д.С. Сейтжанова, Ж.А. Арунова және практика жетекшісі Р. Н. Жапанова болашақ педагог кадрларды даярлаудағы практиканың маңыздылығын, маман біліктілігін қалыптастырудағы ерекше орынды атап өтіп, студенттердің қорытынды бағасын шығарды. Сөз соңында студенттерге сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, мектеп директоры Саян Шайкенұлы Жекебаевқа, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Гүлнар Сұлтанмұратқызы Уатаеваға және бастауыш сынып мұғалімдері Жанар Нарынбекқызы Мұқышова, Ақерке Боранбайқызы Жапина және Дидар Балтабайқызы Медетбековаға үлкен алғысымызды білдіреміз.