2022 жылдың 15 қыркүйегінде “Педагогика” кафедрасының ПОҚ Алексеева Е.А., Таликова Г. Т. “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” білім беру бағдарламасының студенттерімен онлайн-жиналыс өткізді.
Жиналысқа “Педагогика” кафедрасының меңгерушісі п.ғ. к., доцент Д. С. Асакаева қатысып, болашақ мамандар үшін кәсіби практиканы ұйымдастырудың және өтудің мектепке дейінгі білім беру саласындағы өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.
Студенттермен кездесу аясында “Педагогика” кафедрасы бойынша практикаға жауапты Е.А. Алексеева білім алушылардың кәсіптік практиканы ұйымдастыруы мен өтуінің негізгі сәттерін белгіледі.
Аға оқытушы Таликова Г.Т. студенттерді мектепке дейінгі ұйымда тәжірибеден өту талаптарымен, өту мерзімдерімен және практика түрлерімен таныстырды.
Диалог барысында студенттер кәсіби тәжірибеге қатысты жан-жақты сұрақтар қойды.