1 курсқа қош келдіңіз!

8 қыркүйек күні сағат 12.30-да шет тілдерінің 1 курс студенттері арасында түсіндірме әңгіме өткізілді. Аға куратор М. К. Абдрешева 1 курс студенттеріне Академияның негізгі ережелерін түсіндірді. Студенттер Ар-намыс Кодексімен таныстырылды. Ин-22-1,2 “Bolashaq”Академиясының алғашқы күндері туралы өз әсерлерімен бөлісті. Ағымдағы әңгіме барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алды.. Сонымен қатар студенттер “Bolashaq” академиясының сайты мен басшылығы туралы мәліметтермен танысты. Студенттер Академияның одан арғы іс-шараларына белсенді түрде қатысатын болады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.