“Bolashaq” академиясында 6-шы желтоқсан күні “16-желтоқсан -жастар рухы және Қазақстанның тәуелсіздігі: тарих пен қазіргі заман” атты саяси сабақ өткізілді. Іс шараны жалпы білім беру пәндері кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты Саттарова Фарида Фаттаховна өткізді.
Ашық сабаққа академия оқытушылары мен студенттер қатысты. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Қазақ халқы тәуелсіздік жолында қандай ауыртпашылықтарға тап болғаны жайлы студенттер өздерінің баяндамаларын оқыды.
Сабақ соңында әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор осындай ашық сабақтардың студенттер үшін маңызды екендігі жайлы өз ойын айтты.