11 мамыр күні “Батыр” спорт кешенінде “Bolashaq”академиясының студенттері мен оқытушылары арасында шағын футболдан турнир өтті. Аталған турнир Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына орайластырылды.
Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922 ж., Орал облысы Бөкей Ордасы ауданы — 1943 ж. қазанның 16-ы — қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1944).
Турнирге 6 команда қатысты: “QORGAN” , “FC SARYARQA”, “ПАХТАКОР”, “EQUITES”, “ХҚК СОКОЛ” және “ШЕРСТЯНАЯ 9/2″оқытушылар командасы.
Турнир қорытындысы бойынша:
1 орын – «ШЕРСТЯНАЯ 9/2»;
2 орын – «EQUITES»;
3 орын – «FC SARYARQA»
Сондай-ақ турнирдің үздік ойыншыларына арнайы сыйлық пен диплом табыс етілді. “Үздік қақпашы” жүлдесін – (Ю-21-2) тобының студенті Жанасов Орал алды. Есмағамбетов Нұрхан ( Ю-20-2). турнирдің “Үздік ойыншы” атанды.
Турнир тіпті шағын турнирлерде де үлкен жеңістердің, рух пен достықтың жеңістерінің болатындығының айқын дәлелі болды.