100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ

“Рухани жаңғыру” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында” Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулықтар қазақ тілінде дамыту жөніндегі” қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар.

Елдің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойынша республикада 2017 жылы Ұлттық аударма бюросы құрылды.

“Bolashaq” академиясының кітапханасы ” Ұлттық аударма бюросы “қоғамдық қорынан қазақ тіліне аударылған 1500 дана кітапқа 30 атау берілді.

Ознакомиться к литературой:

74.00

Ш 93

Шунк Дейл Х.

Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» коғамдық коры, 2019. – 608б.

ISBN 978-601-7943-22-6

Бұл еңбекте оқыту туралы негізгі теориялық принциптерге, концептілер мен ғылыми-зерттеу нәтижелеріне жаңаша көзқарастар ұсынылады және оны заманауи мектептерде қолдану мәселесіне баса назар аударылады. Кіріспеде оқыту теориялары, зерттеу тәсілдері мен мәселелері және оқытуды зерттеудің тарихи негіздері қамтылса, кейінгі тарауларда нейроғылымның білімге ықпалы, әлеуметтік-танымдық оқыту мәселелері, ақпаратты өңдеу теориясы, яғни деректерді кодтау және сақтау, конструктивизм т.б. теориялар талқыланады. Сондай-ақ, бұл басылымда технологияға қатысты бөлімдер, әсіресе контекстік әсерлердің маңызын ашатын тақырып тың зерттеу жаңалықтарымен толықтырылған. Қорытынды тарауда студенттер оқу процесі барысында өз бетінше орындауға тиіс тапсырмалар берілген.

Қазақ тіліне жетінші басылымынан аударылған бұл оқулық педагогика, психология мамандықтары бойынша білім алушы студенттерге, магистранттарға және осы салаға қызығушылық танытушы барша зерттеушілерге арналады.

алғы-сөзСкачать

мазмұныСкачать

63.3

Д 16

Данн Росс Е.

Panorama: Дүниежүзі тарихы, 1-кітап. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» коғамдық коры, 2019. – 532бет.

ISBN 978-601-7943-49-3 ISBN 978-601-7943-51-6

Адамзат пайда болғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі дүниенің тарихи жолын кең ауқымда сипаттайтын бұл оқулық «Panorama: Дүниежүзі тарихы» («Panorama a World History») деп аталады. Кітап Homo sapiens өкілінің жетілу, өсіп-өркендеу жолынан басталып, ХVI ғасырға дейінгі кемелдену тарихын толық қамтыған. Әр бөлімде адамзат тарихының кең шалқары кезең-кезеңімен суреттеледі. Адамзаттың дамуын, дүниежүзін игеруін, ықпалды мемлекеттер құруының көне дәуірден басталған қилы кезеңдерін жан-жақты зерттеп, бұлтартпас тарихи деректерді сөйлете отырып сипаттайды.

Өткенін електен өткізіп, түп-тұқияннан басталған тарихын кең ауқымда білгісі келген оқырман кітаптан адамзат тарихына қатысты тың және соны деректерді молынан кездестіреді. Тарих ғылымындағы жаңа терминдер де дүниежүзі тарихына қызығатын оқырманға пайдалы болады деп сенеміз. Кітап құрылымындағы жалқыдан жалпыға және жалпыдан жалқыға алма-кезек ауысып отыратын тарихи оқиғалар желісі кітаптың ғылыми-танымдық өрісін кеңейте түседі.

Кітап – ең алдымен, ЖОО студенттеріне арналған. Тарихи танымы мен пайымын тереңдетіп, дүниежүзі тари- хын зерттеп-білгісі келетін жалпы оқырманға да оқулықтың берері мол.

қысқаша-мазмұныСкачать

мазмұны-1Скачать

66.4

Т 65

Трагер Робперт

Дипломатия: коммуникация және халықаралық тәртіп негіздері. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» коғамдық коры, 2019. – 256 б.

ISBN978-601-7943-28-8

Роберт Трагердің бұл кітабында дипломатиялық амал-тәсілдердің халықаралық қатынастар жүйесіндегі рөлі қарастырылады. Автор жабық есік жағдайындағы әңгімелесудің халықаралық тәртіп орнату мен соғыстардың басталуына қалай түрткі болатынын ойын теориясына сүйеніп, нақты тарихи мысалдар көмегімен ашып көрсетеді. Кітаптың басты зерттеу нысаны – «құпия дипломатия» және оның механизмдері. Бұл еңбекке Британ империясының көпжылдық дипломатиялық байланыстар тарихынан сыр шертетін «Құпия жазбалар» деген атпен белгілі мұрағат деректері арқау болған.

«Дипломаттар мен мемлекет басшылары өз одақтастары мен қарсыластарының ниет-пиғылы, мүддесі мен жоспары туралы қалайша ой түйеді?» деген сұраққа автор айрықша мән берген. Бұл зерттеудің теориялық-эмпирикалық әдістемесінен туындаған тұжырымдардың оқырманға ой салары сөзсіз.

83.3

Ә 22

Әдебиет теориясы: Антология. 1 том. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» коғамдық коры, 2019. – 568 б.

ISBN978-601-7943-53-0   ISBN978-601-7943-54-7

Бұл оқулық қазақ оқырмандарын әлемдік әдебиет теориясының тың зерттеу бағыттарымен таныстырады. Шығарманың мазмұнын ғана зерделеп қоймай, оны тілдік тұрғыдан талдаудың сан қырлы әдістерімен сараланған мақалалар – біздің сыншыларымыз бен оқырмандарымыз үшін де таптырмас үлгі. Оқулықта структурализм, постструктурализм, лингвистика, нарратология, феноменология, эмпирикалық зерттеулер бағытындағы құнды пікірлер мен тың көзқарастар топтасқан. Сонымен қатар бұл еңбекте телевизиялық сериалдарды талдаудың айрықша зерттеу тәсілдері де сөз болады.

Әдеби мәтіндерді қабылдау және шығармаларды теориялық тұрғыдан зерделеу, оқырманның әдеби талғамы, адамзат дамуындағы әдебиеттің алар орны да кеңінен зерделенеді.

Оқулық әдебиеттану мен лингвистика, сондай-ақ оларға іргелес гуманитарлық мамандықтардың студенттеріне,  магистранттары мен докторанттарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.

алғы-сөз-1Скачать

мазмұны-2Скачать

83.3

Ә 22

Әдебиет теориясы: Антология. 2 том. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» коғамдық коры, 2019. – 372 б.

ISBN978-601-7943-53-0   ISBN978-601-7943-55-4

Джули Ривкин мен Майкл Райан құрастырған «Әдебиет теориясы» антологиясының екінші томы «Постструктурализм», «Психоанализ және психология» деп аталатын екі ауқымды бөлімнен тұрады.

Кітап постструктурализм ағымын жан-жақты саралауға арналған философиялық толғамдарға және оның әдебиетпен, тіл білімімен, психологиямен аракатынасына арналады. Францияда пайда болып, АҚШ және неміс ғалымдарының зерттеулерінде көбірек көрініс тапқан постструктурализмнің қайнар көздері, оның жеке ағым ретінде өрістеуі әдебиеттегі трансгрессиялық, яғни бұзып-жару идеяларымен астарласа зерделенген. Жазу мен сөйлеудің байланысы, таңбаның классикалық теориясын жаңаша пайымдау, бейсаналық пен тіл, автор мен шығарма сияқты күрделі мәселелер кеңінен козғалады.

Әр бөлім жеке бір әдеби шығарманы талдауға арналған қос тараумен тиянақталады. Жан-Жак Руссодан бастап Нобель сыйлығының лауреаты Элис Манроға дейінгі бірсыпыра жазушылардың шығармашылығына қатысты сан алуан қызғылықты пікірлер айтылған. Жекелеген зерттеушілердің эсселері, ғылыми мақалалары өзгеше тың ой-тұжырымдарымен кітаптың құндылығын арттыра түседі.

Оқулық әдебиеттану мен лингвистика, сондай-ақ оларға іргелес гуманитарлық мамандықтардың студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.

мазмұны-4Скачать

алғы-сөз-3Скачать

83.3

Ә 22

Әдебиет теориясы: Антология. 3 том / Джули Ривкин мен Майкл Райанның редакциясымен. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» коғамдық коры, 2019. – 440 б.

ISBN978-601-7943-53-0  ISBN978-601-7943-56-1

«Әдебиет теориясы» антологиясының үшінші томы үлкен екі бөлімнен тұрады. Әр бөлім бірнеше тарауларга бөлінген. Атап айтканда, еңбек мәселесі, мемлекет пен идеология, тарихшылдық, тарих философиясы, кұрылымдар, һабитус, ориентализм, отарлық, жаһандану, мәдени бірегейлік пен диаспора, аударма, эмпиризм, этика тәрізді ауқымды мәселелер теориялық тұрғыда жан-жақты зерделенеді.

Уилиям Шекспир, Елизабет Бишоп, Макс Жакоб, Джон Галт, Элис Манро сияқты белгілі қаламгерлердің шығармалары жаңаша пайымдалады. Зерттеу еңбегіне арқау болған тың теориялық ұғымдар аталмыш оқулықтың құндылығын арттыратыны сөзсіз.

Оқулық әдебиеттану мен лингвистика, сондай-ақ оларға іргелес гуманитарлық мамандықтардың студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.

алғы-сөз-4Скачать

мазмұны-5Скачать

83.3

Ә 22

Әдебиет теориясы: Антология. 4-том Джули Ривкин мен Майкл Райанның редакциясымен. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» коғамдык коры, 2019. – 452 б.

ISBN 978-601-7943-53-0  ISBN 978-601-7943-57-8

Бұл оқулықта XX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазірге дейінгі әдебиет теориясының қалыптасуы, даму бағдары және оған ықпал еткен факторлар туралы жан-жақты түсінік беретін америкалық және еуропалық ғалымдардың эсселері топтастырылған. Олардың еңбектері бүгінгі қоғамдық, гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінің арасындағы байланысты сан алуан қырынан қарастырып, аффект теориясы (С.Томкинс, И.Седжуик, Л.Берлант, Б.Массуми, С.Ахмед), нарративті эмпатия теориясы (С.Кин), когнитивті метафора теориясы (Дж.Лейкофф, М.Джонсон), когнитивті поэтика (Р.Цур, М.Тернер, Э.Сполски, Э.Харт), эволюциялық әдебиет теориясы (Дж.Кэрролл, Б.Бойд, Н.Истерлин, Дж.Готтшолл), репрезентативті емес теория (Н.Трифт), әрекетшіл желі теориясы (Б.Латур), киберфеминизм мен «жаңа материализм» теориясы (Д.Харауэй, Дж.Агамбен) жөнінде кеңінен сөз етеді.

Антологияға енген мақалалар жиынтығы көркем әдебиеттің мазмұны мен құрылымын, жанрлық сипатын, көркем шығармаларды аудиторияның қабылдау ерекшеліктерін қайтадан пайымдауға, билік пен идеология табиғатын, этносаралық қарым-қатынастарды, халықаралық байланыс саласындағы жаңа тұжырымдарды, әлемдегі постотарлық ахуалды тыңнан зерделеуге жол ашады.

Оқулық әдебиеттану мен лингвистика, сондай-ақ оларға іргелес гуманитарлық мамандықтардың студенттеріне, магистраттары мен докторанттарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.

алғы-сөз-5Скачать

мазмұны-6Скачать

83.3

Р 17

Райан Майкл

Әдебиет теориясы: кіріспе. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» коғамдық коры, 2019. – 292 б.

ISBN978-601-7943-37-0

Бұл оқулықта әлемдік әдебиеттану ғылымының өзекті тақырыптары саналатын – орыс формализмі,  жаһандану, таным, эмоция, эволюция, әдебиет сыны мен теориясының мақсаттары және олардың нейробиологиямен қарым-қатынасы сияқты аса ауқымды теориялық ұғымдар кеңінен және терең сараланған. Еңбек құрылымы америкалық және орыс формализмінен басталып, хронологиялық, эвристикалық сипатта берілген. Жаңашылдықты басты мақсат еткен ғалымдар осы кезге дейін жүйелі әңгіме арқауы болмаған өзекті мәселелерді молынан қамтып, іріктеп топтастырған.

Кітапта структурализм, постструктурализм бағыттары зерделенеді. ХХ ғасырдың 50–60-жылдары туындап, 70-жылдары дами түскен ағымның негізгі өкілдері – М.Фуко, Ж.Бодриар, Ж.Деррида, Л.Альтюссер, Ю.Кристева, Ж.Лакан, Р.Барт, Ж.Делөз, Ж.Лиотарлар әдебиет, саясат, лингвистика, философия, мәдениет салаларына жаңа леп әкелу мақсатында философиялық әрі әдіснамалық дүниетаным ретінде постструктурализм сынына ерекше көңіл бөлді. Әдебиеттанудың осындай өзекті мәселелері көрнекті шығармалар мысалында талданып, жаттығуларымен қоса берілген.

Оқулық әдебиеттану мен лингвистика, сондай-ақ оларға іргелес гуманитарлық мамандықтардың студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.

алғы-сөз-6Скачать

мазмұны-7Скачать

88.4

У 62

Уоллейс П.

Интернет психологиясы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» коғамдық коры, 2019. – 356 б.

ISBN978-601-7943-23-3

Патрисия Уоллейстің «Интернет психологиясы» киберкеңістіктің психологиялық қырлары, интернеттің адам мінез-құлқына әсері туралы күрделі мәселелерді қарастырады. Екінші басылым классикалық және заманауи зерттеулерге сүйене отырып, интернет технологиясындағы жаңа үрдістерді – онлайн-танысу, онлайн-агрессия, топтық динамика, бала тәрбиесі, проәлеуметтік мінез-құлық, онлайн ойындар, құпиялық және бақылау, желіге тәуелділік пен желіні қалыптастырудың стратегияларын зерттейді.

Әдетте, адам өзіндік менін сырт көзге жақсы әсер қалыптастыру арқылы көрсетеді. Бірақ бұл оның шынайы бейнесі ме? Онлайнда ашық-жарқын адам оффлайнда да сол қалпын сақтай ма? Осындай қызықты мәселелерді белгілі әлеуметтік психологтардың дәстүрлі зерттеулерімен салыстыра таразылайды. Онлайнда өзгенің басындағы жағдайды, жан-дүниесіндегі арпалыстарды, жалғыздықты, көпшіл-бауырмал болуды түсіну мәселесіне де автор терең көз жүгіртеді. Онлайн-орта қалыптастыратын топтарға конформдылық, топ пікірін қабылдауға бейімділік те адам жаратылысының бір қыры екені жан-жақты мысалдармен дәлелденген.

Оқулық жоғары оқу орнының студенттеріне де, жалпы психология мен интернет психологиясына қызығушылығы бар кез келген оқырманға да таптырмас көмекші құрал бола алады.

мазмұны-8Скачать

87

К 31

Кенни Энтони

Батыс философиясының жаңа тарихы, 4-том. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» коғамдық коры, 2019. – 420 б.

ISBN978-601-7943-25-7 (4-том)

Бұл – философияның қайнар бастауынан қазіргі күнге дейінгі төрт томдық тарихының  төртінші томы. «Антика философиясы» деп аталатын алғашқы томында классикалық Грекия мен Римдегі ежелгі философия сипатталды. Екінші том, «Орта ғасыр философиясы», оның Әулие Аугустиннен гуманистік Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі тарихын баяндады. «Қазіргі заманғы философияның бастауы» атты үшінші томда XVI, XVII, XVIII ғасырлардың және Гегельдің  өмірден озуымен аяқталатын ХІХ ғасырдың басты философтары қарастырылды. Қолыңыздағы төртінші томда ХХ ғасырдың соңғы жылдарына дейінгі аралықтағы философия қамтылады.

«Қазіргі  заман философиясы» деп аталатын оқулық, негізінен, бакалавриат курсына арналған. Сонымен қоса философия іліміне қызығушылық танытқан оқырманға да лайықталып жазылған.

мазмұны-9Скачать

62.290

Б66

Бове Куртланд, Тилл Джон

Қазіргі бизнес-коммуникация. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» коғамдық коры, 2019. – 736 бет.

ISBN978-601-7943-46-2

Коммуникация саласының белгілі мамаңдары ұсынған қолыңыздағы кітапта бизнес-коммуникацияға қатысты маңызды мәселелер, практикалар мен ұсыныстар кең ауқымда талқыланған. Бұл кітаптың 14-басылымы болғандықтан, қалыптасқан дәстүр жалғасып, оқытуды жеңілдетуге, белсенді білім алуға мүмкіндік беретін, сыни тұрғыда ойлануды жетілдіруге қажет теңдессіз механизмдер жиынтығы енгізілген. Әр тараудағы нақты оқыту мақсаттары студенттерді материалды қабылдауға дайындап, тараудың мазмұнын қалыптастыруға негіз болады. Әр тараудың басы мен аяғында жетекші компаниялардағы даму сатылары түрлі мысалдармен беріліп, карьера жасағысы келген және оны әрі қарай дамытуды көздеген бизнес иелері үшін таптырмас бизнес-тәжірибе үлгілері, толымды зерттеулерге бай материалдар ұсынылған. Сонымен қатар медиа, хат, ұсыныс, аудигорияға бейімделу, клиент тарту, оларға көңіл бөлу, жарнама, презентация, резюме, сұхбат туралы тарқатылып, бизнес әлемінде коммуникацияның алар орны ерекше екені кеңінен баяндалған. Сондай-ақ онлайн режимдегі қызметтер де назардан тыс қалмаған. Көпшілік алдында сөйлеу дағдысын жетілдіріп, әсер қалдыруды, өз ойын жеткізуді, қобалжу сезімін жеңуді үйренгісі келетіндер үшін авторлардың берер кеңесі мол.

Кітап менеджмент, РR, коммуникация мамандығында оқитын студенттерге, кеңседе жұмыс істеуге қажет маңызды іскерлік дағдыларды қалыптастырғысы келген оқырмандарға, бизнес-карьераға қызығатын көпшілікке арналған.

қысқаша-мазмұны-1Скачать

мазмұны-10Скачать

87

К 31

Кенни Энтони

Батыс философиясының жаңа тарихы, 3-том. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» коғамдық коры, 2019. – 412 бет.

ISBN978-601-7943-24-0 (3-том)

Философияның түп-тамырынан қазіргі күнге дейінгі төрт томдық тарихының үшінші томы «The Rise of Modern Philosophy» – «Қазіргі заман философиясының бастауы» деп аталады. Бұл том әлемдік ой тарихының XVI ғасырдың басынан ХІХ ғасырдың алғашқы жылдарына дейінгі кезеңін қамтиды.

Бұл томның бастапқы үш тарауында сол кезеңнің ойшылдарына хронологиялық шолу жасалады. Қалған тарауларда олардың өзекті де нақты философиялық тақырыптарды талқылауға қосқан үлесі қарастырылады. Философия ежелгі заманда және орта ғасырларда қалыптасқан ең құнды деген құралдардың кейбірінен бас тартса да, осы үшінші томда қамтылатын кезең философтары тұрақты құндылықтарды орнықтыра түсуге қомақты үлес қосты. Олар осы том тарауларында терең талданып, айқын сипатталды.

Бұл том, ең алдымен, бакалавриаттың екінші және үшінші курстарына арналған. Оған қоса, бұл кітап философия ілімін танып-білуге талпынған қауымның қай-қайсысына да өте пайдалы.

кіріспеСкачать

мазмұны-11Скачать

76.01

Б 43

Бейнбриж Жейсон, Гок ІІикола, Тайнан Лиз

Медиа және журналистика: теория мен практикаға жаңа көзқарас. – Алматы: «Үлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 592 бет.

ISBN 978-601-7943-45-5

«Медиа және журналистика: теория мен практикаға жаңа көзкарас» – кәсіби журналистиканың қалыптасу тарихынан бастап, қоғамның қозғаушы күшіне айналған медиа саласындағы соны өзгерістерді талдаған құнды еңбек. Әлемнің озык жоғары оқу орындары таңдаған кітаптың үшінші басылымы медиа мен журналистиканың өзара байланысына кызығушылық танытқан кез келген оқырман көңілінен шығады.

Кітап тілі қарапайым әрі қызықты. Оқулықта медиа мен журналистика ұғымының тарихы, медиаиндустрия өнімдері, медиаға анализ жасайтын тәсілдер, жаңалықты тарату жолдары және медиаконтент, қазіргі және келешек коммуникацияның толық анықтамалығы түзілген. Сондыктан жаңалықтар өндірісіндегі идея, ақпарат ағынын шолу, тарату, келіссөз жүргізу сынды процестердің қыр-сырымен танысып, журналистік зерттеудің маңызына көз жеткізуге болады.

Кітаптың басты құндылығы – медиа маманы болуға талаптанған студентті немесе әуесқой блогерді журналистиканың негізгі принциптеріне баулиды. Ақиқатты айту, халықтың ақпаратты білу құқығын құрметтеу этикасынан бөлек медиа маманы ретінде қоғам игілігіне адал қызмет ету жолдарын көрсетеді.

алғыс-сөзСкачать

мазмұны-12Скачать

87.7я73

П 24

Ли Энн ІІек, Гай С. Рил

Медиа этика. Жас мамандардын тәжірибесінен. – Алматы: Үлттык аударма бюросы. – 2018 жыл. – 304 б.

ISBN 978-601-7943-18-9

Бүл кітап студенттер мен жас мамандарға бұқаралық ақпарат құралдары саласында кездесетін этикалық мәселелерді шешу жолдарын көрсетуге арналған. Еңбекке жарнама, жаңалықтар, қоғамдық қатынастар саласында жұмыс істейтін жас мамандар тап болған күрделі мәселелер мен шынайы оқиғалар арқау болған. Әрбір жағдаят кеңінен баяндалып, қатысушылар әрекеті арқылы жан-жақты ашылып көрсетіледі. Сондықтан оқырман «Мұндай жағдайда мен не істер едім?» — деген ой үстінде болады.

Кіріспе материалда философиялық толғамдар мен теориялық тұжырымдарға, моральдық мәселелерге де орын берілген.

Кітап – студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен оңтайлы ұштастырып, өмірде кездесетін тосын, күрделі мәселелерден жол тауып шығуға баулитын тағлымды еңбек.

мазмұны-13Скачать

65.290-2

У 29

Уилтон Ник

HR-менеджментке кіріспе. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019. – 532 б.

ISBN978-601-7943-32-5

Кез келген ұйымның басты байлығы – адам ресурсы. Ұйым қызметінің нәтижелі болуы, табысқа жетуі де осы ресурсты қалай басқарып, қалай бағыттап, ынталандырып отыруына байланысты. Адам ресурстарын басқару – HR-менеджменттің табыстылығы әр қызметкерді тұтас механизмнің бір бөлшегі ғана емес, жеке адам,  құндылықтары, мінезі, өмірлік тәжірибесі, арманы мен мақсаты бар дара тұлға деп қабылдаудан басталады.

Қызметкерді жұмысқа қабылдаудан  бастап, оның қызмет бабымен өсуі, ұйымның дамуына, табысқа жетуіне үлес қосуы, осы жолда бар білімі мен тәжірибесін пайдалануы, оқуы, жетілуі, дамуы – психология, әлеуметтану және менеджмент тоғысындағы ілімнің зерттеу нысаны.

Ник Уилтонның «HR-менеджментке кіріспе» (An Introduction to Human Resource Management) оқулығы – осы ілімнің шымылдығын ашатын, ұйымдардағы HR-менеджердің қызметіне бағыт беріп, әр қадамын зерделейтін іргелі еңбек. Қазақ тіліне бұл оқулықтың 3-басылымы аударылып отыр.

Кітап менеджмент мамандығында білім алатын студенттерге, оқытушыларға, жалпы оқырман қауымға арналады және қазақ тіліндегі MBA курсының негізгі оқулықтарының бірі ретінде ұсынылады.

алғы-сөз-7Скачать

қысқаша-мазмұны-2Скачать

мазмұны-14Скачать

63.3 (0)

С 16

Саид Эдуард Уади

Ориентализм. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» коғамдық коры, 2019. – 328 б.

ISBN978-601-7943-35-6

Эдуард Уади Саид «Ориентализм» деп аталатын зерттеуінде ориентализмнің пайда болуын Еуропаның Орта және Таяу Шығыста ғасырлар бойы үстемдік етуімен байланыстырады. Батыстың Шығыс әлемін қабылдаудағы біржақты әрі үстірт көзқарасын сынға алып, жан-жақты талдау ұсынады. Кіріспеде автор ориентализмнің бір-бірімен тығыз байланысты ғылыми-академиялық, саяси және әлеуметтік, идеологиялық сипатына тоқталып, оны жасырын және айқын деген екі топқа бөледі.

Бұл кітап гуманитарлық білімге  өзгеше  ықпал  жасап, постколониалдық  зерттеулерге  негіз салды. Автор еңбегінде бұл тақырыпқа арналған көп зерттеулер Шығыстың шынайы келбетін ашып көрсете алмайтынын, Шығыс әлемі жайлы кез келген ой белгілі бір сүзгіден өтіп барып жарияланатынын айтады. Дәлел ретінде Ұлыбритания, Франция, АҚШ ғалымдарының ориенталистік мәтіндерін мысалға келтіреді. «Батысқа өзін өзгелерден ерекшелеу үшін оған қарама-қарсы әлем керек болды. Батыс ол үшін Шығысты пайдаланды, өзіне тиімді түсінікті қалыптастыруға күш салды», – дейді автор.

Бұл ауқымды еңбек студенттермен қатар Батыс пен Шығысқа жаңаша қарағысы келетін барша оқырманға арналған.

мазмұны-15Скачать

85

Г75

Гомбрих Э.

Өнер тарихы. Алматы: Үлттық аударма бюросы. – 2019 жыл. – 680 бет. ISBN 978-601-7943-33-2

ISBN 978-601-7943-33-2

Австрия жэне ағылшын тарихшысы, беделді өнертанушы Эрнст Гомбрихтің «Өнер тарихы» алташ рет 1950 жылы басылған. Содан бері әлемдік бестселлерлер қатарында аталатын, Өнер тарихына арналған еңбектердің ішіндегі ең танымалы саналатын туынды 16 мэрте қайта басылып, әлемнің 30 тілінде 8 миллион данамен таралган. Кітапта тасқа салынған ежелгі кескіндерден бастап, қазіргі кезеңге дейінгі өнер тарихына жан-жақты шолу жасалады. Жас оқырманға арналып жазылган «Өнер тарихы» – оқушылар мен студент- терді аталган пәнмен таныстыратын кіріспе оқулық әрі өнерге қызығушы көпшілікке тартымды ғылыми танымдық еңбек.

мазмұны-16Скачать

63.3

Д16

Данн Росс E.

Panorama: Дүниежүзі тарихы, 2-кітап. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019. – 492 б.

ISBN 978-601-7943-49-3 ISBN 978-601-7943-50-9

Адамзат пайда болғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихи жолын кең ауқымда сипаттайтын бұл оқулық «Panorama: Дүниежузі таршсы, 2-кітап» («Panorama a World History, Book 2») деп аталады. Кітапта XVI ғасыр- дан бастап, бүгінгі күнге дейінгі тарих толық қамтылады.

Екінші кітап үш бөлімнен тұрады және әр бөлімде адамзат тарихының даму жолы кезең-кезеңімен суреттеледі. Жаңа заман және қазіргі заман тарихынан бүгінгі күнге дейінгі адам баласы жүріп келе жатқан жол осы кітапта жан-жақты және бұлтартпас тарихи деректерді сөйлете отырып сипатталады.

Өткенін електен өткізіп, туп-тұқияннан басталған тарихын кең ауқымда білгісі келген оқырман кітаптан адамзат тарихына қатысты тың және айрықша деректерді кездестіретініне сеніміміз мол. Тарих ғылымындағы жаңа терминдер және атаулар тізбесі де дүниежүзі тарихына қызығатын оқырмандар назарын өзіне аударады. Кітап құ- рылымындағы жалқыдан – жалпыға және жалпыдан – жалқыға алма кезек ауысып отырар тарихи оқиғалар желісі кітаптың ғылыми-танымдық сипатын үстей түседі.

Кітап ең алдымен ЖОО студенттеріне арналған. Тарихи танымы мен пайымын тереңцетіп, дүниежүзі тарихын зерттеп-білгісі келген жалпы оқырманға да берері мол.

қысқаша-мазмұны-3Скачать

мазмұны-17Скачать

74.00

Б 59

Элен Битэм, Рона Шарп

Педагогиканы цифрлық дәуірде қайта зерделеу. ХХІ ғасырдағы оқыту дизайны. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» коғамдық коры, 2019. – 328 б.

ISBN978-601-7943-29-5

Бұл оқулықта ХХІ ғасырдағы педагогиканың дамуы, оқытуды жеке тұлғаға бейімдеу, қолжетімді әрі тиімді жоспарлау мен оны жүзеге асыруға бағытталған жобалар қарастырылады. Оқу қызметін электрондық және мобильді технологиялар контексінде зерттей отырып, авторлар білім берудің техно-бағдарлы болашағын кеңінен баяндайды. Кітаптың «Дизайнның принциптері мен практикасы» деп аталатын І  бөлімінде білім  алуға және  оны жоспарлауға қатысты цифрлық технологиялардың қағидалары мен теориялары егжей-тегжейлі қарастырылып, оларды тиімді қолдану жолдары көрсетілсе, ІІ бөлімде дизайнның пәндік қырлары ортаға салынып, мобильді және сымсыз есептеу техникасы саласындағы жетістіктер, тәжіри- бе жүзіндегі жобалау мүмкіндіктері, күрделі жүйелер мен мобильді оқытуды дизайнға түсіру туралы тың зерттеу жаңалықтарымен толықтырылған. Қорытындылаушы ІІІ бөлімде авторлар осы технологияларды болашақта қолдану аймақтарына шолу жасай отырып, оған қатысты нақты үлгілер ұсынады.

Оқулық педагогика, психология мамандықтары бойынша білім алып жүрген     студенттерге, магистранттарға және осы салаға қызығушылық танытушы барша зерттеушілерге арналған.

мазмұны-18Скачать

81.2

Л 76

Лотман Юрий

Семиосфера. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» коғамдық коры, 2019. – 640 б.

ISBN978-601-7943-34-9

«Семиосфера» –  Ю.М. Лотманның  семиотика  теориясы  мен методологиясын, семиосфера құрылымы мен ерекшеліктерін нақты мысалдармен түсіндіретін жетінші еңбегі. Бұл кітап оны Мәскеу – Тарту семиотика мектебі мен универсал семиотика теориясының негізін салушы ретінде әлемге танытты.

Автор оқулықта тілдердің жойылып кетпеуі мен үнемі қолданыста болуы үшін қажет коммуникация алғышарттарына тоқталады. Семиотика кеңістігін түгелдей бүтін бір жүйе немесе ағза ретінде қарастыруды ұсынады. Сонымен қатар, семиосфераны сипаттайтын белгілерді, олардың қызметін, семиотикалық процестер мен семиозис құбылысын түсіндіріп өтеді. Семиосфераның ішкі құрылымы және заңдылықтарын, өзге де семиотикалық құбылыстарды жатық тілмен жеткізеді.

Кітаптағы монографиялар («Мәдениет және жарылыс», «Ойшыл әлемдер ішінде»), әр жылдары жарық көрген мақалалар бүгінгі таңда қайтадан ғылыми қолданысқа еніп, гуманитарлық білім мамандары үшін бағалы дүниеге айналды.

«Семиосфера» студенттер мен педагогтарға,  мәдениет тарихшыларына, тіл мен әдебиет мамандарына және мәдениеттің сан қатпарлы құбылыстарына қызығушылық танытатын барлық зерттеушілер қауымына арналған.

мазмұны-19Скачать

65.290-2

Ш 56

Шиллинг Мелисса А.

Технологиялық инновациялардағы стратегиялық менеджмент. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» коғамдық коры, 2019. – 380 б.

ISBN978-601-7943-46-6

«Технологиялық инновациялардағы стратегиялық менеджмент» оқулығында инновациялық менеджмент стратегиялық процесс ретінде қарастырылады.

Стратегиялық менеджмент процесін нақты көрсету үшін бәсеке динамикасы, бағалау стратегиясын қалыптастыру және стратегияларды жүзеге асыру мән-жайы автордың соңғы онжылдықтағы зерттеу жұмыстары негізінде жан-жақты баяндалады.

Технологиялық инновациялардағы стратегиялық менеджмент тақырыбы біздің қоғам үшін тың дүние екені белгілі. Осы тұрғыдан алғанда, оқулықтың құндылығы айқын көрінеді. Кітап қазіргі сұранысқа сай жазылған. Мәтіндер мазмұнды мысалдармен, тақырыптар кесте, сызбалармен толықтырылған.

Оқулық бизнес, инженерлік-технологиялық және басқа да мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттерге, ұстаздарға, сондай-ақ жалпы стратегиялық менеджмент, инновациялық технология тақырыптарына қызығатын көпшілік оқырманға арналған.

мазмұны-20Скачать

65.290-2

Г 98

Гэмбл Джон, Питереф Маргарет, Томпсон Артур

Стратегиялық менеджмент негіздері: бәсекелік артықшылыққа ұмтылу. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» коғамдық коры, 2019. – 536 б.

ISBN978-601-7943-36-3

«Стратегиялық менеджмент негіздері: бәсекелік артықшылыққа ұмтылу» оқулығы – студенттерді қазіргі заманғы стратегиялық менеджменттің қыр-сырына баулитын жан-жақты талдау. Әр тарау мәселені терең талқылауымен, келтірілген өзекті мысалдарымен мәнді. Кітап әлемге әйгілі компаниялардың тыныс-тіршілігінен қызықты мысалдар беріледі.

Түрлі жаттығулар студенттердің алған теориялық білімін ұштауға көмектеседі, симуляциялық ойындар курсқа деген ынта-ықыласын арттырады. Кітапта теория мен практика қатар жүреді, екеуі бірін-бірі толықтырып, оқулықтың мазмұнын байытқан.

Жаңа басылым академиялық ортада және менеджмент тәжірибесінде де қолдануға лайықтың әдістеме ұсынады.

алғы-сөз-8Скачать

мазмұны-21Скачать

81.2-2

Я 64

Янсон Торе

Тіл тарихы: Кіріспе. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» коғамдық коры, 2019. – 244 б.

ISBN978-601-7943-21-9

Бұл кітапта ежелгі дүниеден тартып, уақыт ағысына ілесе отырып, бүгінгі күнді көктей өтіп, алыс болашаққа шолу жасайтын тілдердің жалпы даму тарихы баяндалады. Тілдер қалай қалыптасып, қалай жойылады, олардың тағдыры неліктен әрқилы деген мәселе, түптеп келгенде, тілдерді қолданатын халықтың тіршілігімен тікелей байланысты. Былайша айтқанда, тіл мен тарих – бір-бірімен сабақтаса байланысқан егіз құбылыс. Демек, тарихи оқиғалар да халықтың сөйлеу тіліне байланысты өрбиді. Бұл   еңбекте  тілдің  тарихтағы рөлін көрсету үшін, әлемдегі тілдерге қатысты үлкен мәселелермен қатар, көпшілікке көп белгілі емес, қалтарыста қалып келген тақырыптар да қамтылған.

Оқырман қытай, грек, араб, латын, ағылшын, испан, португал, мысыр, герман және славян тілдері тәрізді кең тараған ірі тілдермен қатар, африка тайпалары мен австралиялық бушмендер сөйлейтін хойсан және банту тобындағы ұсақ тілдердің пайда болу тарихы мен сыр-ипатына да қанық болады.  

Бұл еңбек ЖОО тарих, лингвистика және шет тілдері факультеттері студенттеріне оқулық ретінде арнайы жазылған.

мазмұны-22Скачать

88.4

П 28

Пинкер Стивен

Тіл – инстинкт. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» коғамдық коры, 2019. – 386 б.

ISBN 978-601-7943-30-1

Гарвард университетінің профессоры Стивен Пинкер – ғылыми зерттеулері мен еңбектері үшін түрлі марапаттар мен сыйлықтарға ие болған әлемге танымал ғалым. Зерттеушінің «Тіл – инстинкт» атты бұл кітабы қоғамда қызығушылық тудырғаны үшін Америка психология қауымдастығының және Америка лингвистика ұйымының сыйлығымен марапатталған.

Бұл классикалық еңбек көпшілік ойындағы тілге қатысты сан түрлі сұраққа жауап береді. Зерттеуші тіл ғылымы саласындағы тіл мен сананың байланысы туралы соны жаңалықтар мен ғылыми ортаның соңғы жетістіктерін талдап, тілдің қызметі қалай жүзеге асатынын, баланың тілді қалай үйренетінін мысалдар арқылы егжей-тегжейлі түсіндіріп, дәлелді де нақты тұжырымдар жасайды.

Оқулық жоғары оқу орындары студенттеріне, тіл біліміне және психологияға қызығушы көпшілікке арналған.

алғы-сөз-9Скачать

мазмұны-23Скачать

65.290

Р 54

Робинс Стивен, Джадж Тимати

Ұйымдық мінез-құлық негіздері, 14-басылым. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» коғамдық коры, 2019. – 488 бет.

ISBN978-601-7943-20-2

Ұйымның өзегі – қызметкер. Қызметкерлердің мінез-құлқы әр алуан, әр адам жеке тұлға екенін ескеріп, оның тұлғалық ерекшелігі мен қызметі, ұйымның дамуына қосатын үлесі арасындағы байланысты басқару аса маңызды. Қарамағындағы қай қызметкер қандай мінез-құлық көрсететінін, ол жалпы ұжымның қызметіне қалай әсер етіп, ұйымның табысқа жетуіне немесе кері ықпал ететінін білу – әр басшының, әсіресе HR-менеджердің міндеті.

Ұжымды дұрыс басқару, қызметкерлер мотивациясын арттыру, оған кері әсер ететін кертартпа элементтерді анықтау, олармен жұмыс істеу, үздік мінез-құлық үлгілерін анықтап, оларды ынталандыру – психология, әлеуметтану және менеджмент тоғысындағы ілімді меңгеруді талап ететін күрделі жұмыс. Осы күрделі тақырыпқа арналған Стивен Роббинс пен Тимати Джадждың әлемге танымал еңбегінің қазақ тіліне 14-басылымы аударылып отыр.

Кітап менеджмент мамандығы бойынша білім алатын студенттерге, оқытушыларға және осы салаға қызығушылық танытатын көпшілік оқырман қауымға арналады. Сондай-ақ MBA курсының негізгі оқулықтарының бірі ретінде ұсынылады.

алғы-сөз-10Скачать

мазмұны-24Скачать

65.428

Х 44

Хилл чарльз, Халт Томас

Халықаралық бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке. 12 басылым. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019. – 720 б.

ISBN978-601-7943-44-8

«Халықаралық бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке» оқулығы тұңғыш рет қазақ тіліне аударылды. Бұл –  «Халықаралық бизнес» оқулығының 12-басылымы.

Оқулықта халықаралық нарықтағы бәсекенің қыр-сыры терең зерттеліп, жаһандық және аймақтық мәселелер тең дәрежеде қарастырылған. Жаһандық капитал нарығының тарихы, әлемдік нарықтағы құқықтық жүйенің қызметі, жаһандық сауда және инвестиция ағындары, халықаралық бизнестің құрылымы мен стратегиясы, қаржы менеджменті, халықаралық бизнес функциялары егжей-тегжейлі талқыланған. Осы тақырыптар әр тарауда кейстермен толықтырылып, теория мультиұлттық компаниялар тәжірибесімен өрнектелген. Ең бастысы, оқулық халықаралық бизнестегі кәсіпорындарға ұтымды стратегиялық шешімдер ұсынады.

Бұл – болашақта халықаралық бизнеске араласатын студенттер үшін таптырмас оқу құралы. Оқулық экономика, халықаралық қатынастар, халықаралық бизнес, саясаттану мамандықтарының студенттері мен оқытушыларына, экономика тақырыбында жазатын журналистерге, осы салаға қызығатын қалың оқырманға арналған.

мазмұны-25Скачать

67.412

Ш 75

Шо Малколм Н.

Халықаралық құқық. 1 кітап. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» коғамдық коры, 2019. – 584 б.

ISBN 978-601-7943-19-6

Бұл кітап – халықаралық құқық тақырыбына арналған аса құнды оқулықтардың бірі. 10 тараудан тұратын бірінші кітапта халықаралық құқық саласындағы ұғымдарға анықтама беріліп, түрлі құқық жүйелерінің нормалары салыстырылады, өзіндік ерекшеліктері мен басты принциптері сөз болады. Халықаралық құқықтың пайда болуы мен дамуындағы философиялық, әлеуметтік көзқарастар, халықаралық сот процестері мен трибуналдардың қызметтері нақты мысалдар арқылы баяндалады. Халықаралық шарттардың түрлері, шарт талаптары мен міндеттемелері туралы жан-жақты мәлімет қамтылған. Адам құқығын халықаралық деңгейде қорғау, жеке тұлғаның қылмыстық жауапкершілігі, мемлекеттің аумағы және теңіз құқығы тақырыбында мол мағлұмат береді. 12 тараудан тұратын екінші кітапта халықаралық құқықтағы юрисдикция, иммунитет, мемлекеттердің жауапкершілігі, мемлекеттердің мұрагерлігі, дауларды бейбіт шешу жолдары,   шарттардың  құқықтары мен міндеттері жөнінде мол мағлұмат қамтылған. Автор Халықаралық сот, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Қауіпсіздік Кеңесі мен басқа да халықаралық ұйымдардың құрылымы туралы мәлімет келтіре отырып, олардың қызметін нақты мысалдар арқылы баяндайды.

Сегізінші басылымнан қазақ тіліне аударылған бұл оқулық заң факультетінің студенттеріне, халықаралық құқық саласын зерттеуші мамандар мен оқытушыларға, аталған ғылымға қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.

мазмұны-26Скачать

67.412

Ш 75

Шо Малколм Н.

Халықаралық құқық. 2-кітап. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» коғамдық коры, 2019. – 624 б.

ISBN 978-601-7943-47-9

Бул кітап – халықаралық құқық саласындағы ұғымдарға анықтама беріліп, түрлі құқық жүйелерінің өзіндік ерекшеліктері мен басты принциптері жан-жақты сипатталатын, халықаралық құқық тақырыбына арналған аса құнды оқулықтардың бірі. 12 тараудан тұратын екінші кітапта халықаралық құқықтағы юрисдикция, иммунитет, мемлекеттердің жауапкершілігі, мемлекеттердің мұрагерлігі, дауларды бейбіт шешу жолдары, шарттардың құқықтары мен міндеттері жөнінде мол мағлұмат қамтылған. Автор Халықаралық сот, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Қауіпсіздік Кеңесі мен басқа да халықаралық ұйымдардың құрылымы туралы мәлімет келтіре отырып, олардың қызметін нақты мысалдар арқылы баяндайды.

Сегізінші басылымнан қазақ тіліне аударылған бұл оқулық заң факультетінің студенттеріне, халықаралық құқық саласын зерттеуші мамандар мен оқытушыларға, аталған ғылым саласына қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналады.

мазмұны-27Скачать

65.422я73

К 63

Котлер Филип, Армстронг Гари

Маркетинг негіздері. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» коғамдық коры, 2019. – 736 б.

ISBN978-601-7943-39-4

Филип Котлер мен Гари Армстронгтың «Principles of Marketing, Global edition» – «Маркетинг негіздері» оқулығы маркетингті жоспарлау процесінен бастап, тұтынушы мен сатушы арасындағы байланысты түбегейлі, егжей-тегжейлі қарастырады. Бұл іргелі еңбекте әр жылы жаңа пайда болған трендтер мен процестер сараланып, толықтырылып, қайта жазылған. Қазақ тіліне кейінгі 17-басылымы аударылып отыр.

Тұтынушы үшін құндылық қалыптастыру, тұтынушы тарту, оны ұстап тұру, тұтынушыны қандай да бір брендтің клиентіне айналдыру жолдары мен тәсілдері, әлемдегі, елдегі, қала берді қала мен аудандағы оқиғалар мен өзгерістерге ілесіп отыру, оларды өз пайдасына жарату, соған бейімдеп кампания ұйымдастыру, нәтижесін қадағалау – маркетолог жұмысының әр сатысы, әр қадамы нақты мысалдармен, кейстермен бекітіліп сипатта- лады.

Кітап экономика, маркетинг, менеджмент, қаржы мамандықтарында оқитын студенттерге, оқытушыларға, осы тақырыпқа қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған.

алғы-сөз-11Скачать

мазмұны-28Скачать

67.412

Д 40

ДиМаттео Ларри

Халықаралық бизнес құқығы және заңнамалық орта: транзакциялық тұрғыдан зерделеу. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» коғамдық коры, 2019. – 680 б.

ISBN978-601-7943-31-8

Доктор Ларри Алан ДиМаттеоның бизнес факультеті студенттеріне арналған «Халықаралық бизнес құқығы және заңнамалық орта: транзакциялық тұрғыдан зерделеу» оқу құралының үшінші басылымында халықаралық деңгейде бизнес жүргізудің түрлі жолдары жан-жақты қарастырылады. Импорт пен экспорт, сауда-саттыққа қатысты дауды шешу, бизнес транзакцияларына қатысты күрделі мәселелер, халықаралық деңгейде бизнес жүргізудің құқықтық принциптері жүйе-жүйесімен баяндалады.

Сондай-ақ, бұл еңбекте халықаралық деңгейде бизнес жүргізудің түрлі тәуекелдері (валюталық, құқықтық, қаржы- лық т.б.) мен стратегиялары (делдалдардың қызметін пайдалану, халықаралық банктермен бірлесе жұмыс істей білу, тікелей шетелдік инвестиция, контрсауда және халықаралық сатып алу-сату келісімшарттарын жасау т.б.) кәсіби һәм ғылыми тұрғыдан сараланып, екшеп көрсетіліп, деректер де молынан келтіріледі.

Бұл кітап болашақ кәсіпкерлер мен заңгерлерге ғана емес, сонымен бірге халықаралық сауда-саттық мәселелеріне қызығушылық танытатын оқырманға пайдалы.

«Халықаралық бизнес құқығы және заңнамалық орта» оқулығы бизнес факультеті студенттерінің халықаралық деңгейде бизнес жүргізуді реттейтін құқықтық прициптерді түсінуіне жол ашады. Бұл кітап заңның сақталуы ғана емес, сонымен қатар, пайда және бәсекелік артықшылықты қалыптастыру үшін заңды қалай қолдану керектігін ерекшелеп көрсетеді.

мазмұны-29Скачать

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.