Құрметті “Bolashaq” академиясының профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймыз!
Бұл мерекенің еліміз үшін маңызы зор! Бүгінгі мереке – әрбір қазақстандық үшін Отанға сүйіспеншілік сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Қаншама ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына жинап, олар мен тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан біз – рухани бай һәм бақытты мемлекетпіз! Ұлтаралық келісім – еліміздің ең басты негізі екені де рас. Тарихи оқиғалардың әсерінен ұлт пен ұлыс келіп қоныстана бастаған уақытта біз қазақ бауырмалдығымыз бен қонақжайлылығымызды көрсетіп, көпшілдігіміз мен мейірбандығымызды басқа халықтарға паш еттік!
Бұл мереке барлық ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының, бейбіт өмірдің рәмізі, ал бейбітшілік пен тұрақтылық және ұлтаралық келісім мемлекетіміздің ең басты негізі, рухани байлығы болып табылады. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген «өзге ұлт өкілдерінің» бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған қазақ жері бүгінде көпұлтты мемлекеттің бірі болып отыр.
Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір жастың міндеті.
Сіздерге шынайы көңілмен бақыт-береке, ашық аспан, елімізді өркендету жолындағы еңбектеріңізге мол табыс, отбасыларыңызға аманшылық тілеймін!
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!