Секция 8 / “Биология, медицина, фармацияның заманауи аспектілері”

Жыл сайынғы “Қазіргі әлемдегі ғылым және білім” халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында “Биология, медицина, фармацияның заманауи аспектілері “№8 секциясының отырысы өтті. Барлығы 10 баяндама, оның ішінде 3 баяндама Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінен келіп түсті. Қарағанды медицина университетінен 1 баяндама және “Bolashaq”академиясының фармацевтикалық пәндер кафедрасынан 6 баяндама ұсынылды.

Ұсынылған баяндамалар секция атауында мәлімделген тақырыптардың әртүрлі аспектілеріне қатысты болды. Атап айтқанда, Е. Бөкетов атындағы университеттің үш баяндамасы дәстүрлі түрде өсімдіктер биологиясы мәселелесін (баяндамашылар Айтимов А. К. бірлескен авторлар; Төлеш А., Ишмуратова М. Ю.), сондай-ақ осы пәнді оқыту әдістемесін (Мазина А. К.) көрсетті. Медицина университетінің 4 курс студенті А.Ж. Жиманханның баяндамасы қазақтың ұлттық киіз үйінің микрофлорасын зерттеуге арналды. Фармацевтикалық пәндер кафедрасының үш баяндамасы да денсаулық мәселелері (Тнимова Г.Т., Сиволобова О. А., Тукубаева Г. Н., Курбанова Г. Д.), аймақтың санитарлық жағдайын бағалау (Абеуова О. А. және бірлескен автор), молекулярлық химия мәселелері (Байлен А., Хаштай К.С.), фармпрепараттарды заманауи бақылау (Болдыш С. К., Калдыбаева А. К.) тақырыбында болды.

Медицина университетінің 4 курс студенті А.Ж. Жиманханның денсаулыққа қатысты зерттеуі, баяндамасы тыңдаушылардың ерекше қызығушылығын тудырды, жас болғанына қарамастан, студент республика үшін маңызды тақырыпты – қазақ киіз үйлерін ел тұрғындарының тұрмысына енгізу (табиғаттағы демалыс, туризм және т. б.) тақырыбын көтере алды. Автордың айтуынша, ол алғаш рет киіз үй құрылысында қолданылатын ерекше материалдардың арқасында үй-жайдың микрофлорасы эпидемиологиялық тұрғыдан өте қолайлы екенін дәлелдеді. Қатысушылар авторға ғылымда одан әрі жетістіктер тіледі және жалпы дауыс беру арқылы баяндама үшін 1 орын берді.

Екінші орынды А.К. Әйтімов пен Е.А. Бөкетов атындағы университеттің бірлескен авторлары иеленді. Үшінші орын – ол да Е. Бөкетов атындағы университеттен А. К. Мазинаға бұйырды.

Қорытындылай келе, пленарлық отырыста да, секцияда да көптеген баяндамалар қазіргі заманның өзекті мәселелеріне арналғанын және аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырғанын атап өткіміз келеді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.