22 қыркүйекте Қарағанды облысы Қазақстан халықтары Ассамблеясының Достық үйінде «Мен өмірді таңдаймын»көрмесі өтті. Бұл іс – шараның негізгі мақсаты-синтетикалық есірткіге қарсы жалпыұлттық күресті қолдау. Көрме барысында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ, «Biz birgemiz жастар лигасы» және «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігінің қолдауымен өткен «Мен өмірді таңдаймын»акциясы аясында белсенді студенттерді марапаттау рәсімі […]
Студенттердің жетістігі
9 қыркүйекте Теміртау қаласында Шығыс-1 демалыс аймағының базасында мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қызметкерлердің слеті өтті. Слет «AMANAT» партиясының «Jastar Ruhy» Жастар қанатының Қарағанды облыстық филиалымен бірлесіп ұйымдастырылды. Бұл слет МЖС іске асырудың қолданыстағы әдістерін жетілдіру, жаңа және инновациялық тәсілдерді іздеу, қызметкерлердің кәсіби біліктілігі мен құзыреттілігін арттыру мақсатында өтті. Аталған […]
Түркияда (Конья) Қазақстан құрамасының қатысуымен V Ислам ынтымақтастық ойындары аяқталды. 54 Ислам мемлекетінің спортшыларымен бәсекелестікте қазақстандық атлеттер делегациясы 89 марапатқа ие болды: 27 алтын, 23 күміс және 39 қола. Бұл жарыста Қазақстан намысын 16 спорт түрінен 125 спортшы қорғады. Екі апталық ұрыстың қорытындысы бойынша қазақстандықтар подиумның жоғарғы сатысына 27 рет […]
11-14 шілде күндері Ақмола облысының Зеренді ауылында Amanat партиясының Жастар Қанатының кезектен тыс VI съезі өтті. Еліміздің барлық облысынан 350-ден астам делегат пен қонақ қатысты. Аталған Съезге « Bolashaq» академиясының Ю-19-2 тобының студенті және «Bolashaq Студенттік Республикасы» Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әбілжанов Әділет Бағдатұлы қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев […]
28-29 мамыр күндері Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «SHOQAN CUP»республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге Семей, Қарағанды, Екібастұз, Көкшетау, Қостанай, Павлодар және Нұр-сұлтан қалаларынан дебатшылар қатысты. «Bolashaq» академиясының дебат турниріне «Bolashaq» және » В душе аға буын «фракциялары қатысты Турнирдің мақсаты: Қазақстан Республикасы жастарының патриотизмін нығайту, инновациялық идеялармен және оң тәжірибемен алмасуды […]
8-9 мамыр күндері Торайғыров университетінде «President CUP II» Республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге Астана, Семей, Өскемен, Қостанай, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Павлодарлық пікірсайысшылар қатысты. Аталған дебат турниріне «Bolashaq» академиясы атынан «Біз сұрақ қабылдамаймыз» және «В душе аға буын» фракциялары қатысты. Турнирдің мақсаты – Жастарды отансүйгіштікке баулу және шешендік-көшбасшылық мәдениетті қалыптастыру. […]
6-7 мамыр аралығында Ақтоғай ауданында ұлттық спортты дәріптеу бойынша IV аудандық чемпионат өтті. Жарысқа «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы к-20-1 тобының студенті Ізбасар Ерқанат қатысты. Іс-шара жастар арасында көкпар ойынын, сондай-ақ ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттау және дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. Ізбасаров Ерқанат ойнаған көкпар командасы чемпионатта жақсы өнер көрсетті. […]
12 мамыр күні М.О.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханасында, «Балалар жылы» және Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай эссе жазу байқауы өткен болатын. Эссе тақырыбы: «Қорғансыздың күні» әңгімесіне және «Қараш-қараш оқиғасы» повесіне талдау жасау. Аталған іс-шараға «Bolashaq» академиясының атынан қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының 2 курс студенті Оразхан Айкенже […]
30 сәуірде ерлер арасында қоян-қолтық ұрыстан облыстың ашық чемпионаты өтті. Турнирге барлығы 109 спортшы қатысты. 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 18 + жасындағы II орынды «Bolashaq» академиясының Ю-21-1 тобының студенті Тлеубердинов Әділ иеленді. Әділ өзінің жаттықтырушысы Сәрсенбек Кәрібайұлы Жақыповқа және «Bolashaq»академиясының басшылығына алғысын білдіреді.
7-8 мамырда Қостанай қаласында үлкен жасөспірімдер (16-17 жас) және жастар (18-20) арасында грэпплинг және грэпплинг гиден Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Бұл жарысқа «Bolashaq академиясының» Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының 3 курс студенті Кусаинова Жанеля қатысты. Чемпионатта республиканың 15 өңірінен 620 қатысушы жарысты. Тартысты өткен турнирдің бірінші күні Кусаинова Жанеля […]
27 сәуір күні сағат 12.40-та «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында кураторлық сағат өтті . Ұлы Абайдан бастап ұрпақтардың байланысы арқылы көрсетілген ұлттық бірлік кодының тақырыбы жарқын айшықта өтті. Іс-шараға патриоттық және адамгершілік тәрбиеге қызығушылық танытқан барлық курс студенттері мен шет тілдер кафедрасының оқытушылары қатысты. Кураторлық сағаттың режиссерлері: аға оқытушы Кашуро А.С., […]
27 сәуірде академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Әбдіров Нұрлан Мажитұлы қоғамдық белсенділермен, БАҚ өкілдерімен, Қарағанды облысының ЖОО студенттерімен үлкен кездесу өткізді. Іс-шараға 300-ден астам адам қатысты. Аталған іс-шараға «Bolashaq» академиясының атынан «JasOtan» жастар қанатының «Bolashaq» академиясы бойынша төрайымы Сыздық Анияш Қайратқызы (Ин-19-2), Қазақстан […]
27 сәуір күні «Шахтер» стадионында AMANAT партиясы жанындағы жастар қанатының Қарағанды облыстық филиалының ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушылары арасында «QAISAR» әскери-патриоттық ойыны ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – оқушылар арасында әскери-патриоттық сезімді қалыптастыра отырып, ұлттық рухты жігерлендіру. Жарысқа қатысушы жастарды қайсарлылық пен жігерлілікке баулу.Ойын ережесіне сәйкес, ұлдар 3000 метр және қыздар 1000 метрге […]
23 сәуірде «Bolashaq» академиясының гуманистік педагогика клубының төрайымы, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасының, ДОВ-19-1 тобының студенті Жампейісова Лаура Мәскеу қаласындағы Ресей халықтар достығы университетінде өткен «Ғылыми және кәсіби-іскерлік қарым-қатынас мәдениеті» ХXV Халықаралық ЖОО аралық студенттік ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференция қазіргі заманғы кәсіби сөйлеу ақпараттық ортасындағы коммуникацияның өзекті […]
23 сәуірде «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Құқықтану», «Фармация», «Педагогика және психология» білім беру бағдарламаларының студенттері Мәскеу қ. РХДУ-да өткен «Ғылыми және кәсіби-іскерлік қарым-қатынас мәдениеті» ХXV Халықаралық ЖОО аралық студенттік ғылыми-практикалық конференцияға қатысты (онлайн-формат). Аталған конференцияға қатысушы-жоғары оқу орындары: Аталған конференцияға қатысушы-жоғары оқу орындары: Ресей халықтар достығы университетіАграрлық-технологиялық институтыОрыс тілі […]