2025 жылғы желтоқсан айында Шетел тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының студенттері ағылшын тілі бойынша II Халықаралық олимпиадаға қатысты. Олимпиаданы Франциск Скорина атындағы Гомель мемлекеттік университеті (Беларусь Республикасы, Гомель қ.) ұйымдастырды. Аталған олимпиадаға кафедрадан 25-тен астам студенттің қатысуы студенттердің кафедраның ғылыми-зерттеу қызметіне жоғары деңгейде тартылғанын көрсетеді. Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар тілдік […]
Студенттердің жетістігі
2025 жылғы қараша-желтоқсан айлары аралығында Ресей Федерациясының Саратов қаласында орналасқан «Жаңа ғылыми зерттеулер» Халықаралық орталығы II Халықаралық ғылыми жұмыс байқауын «Ғылым және инновация» тақырыбында онлайн форматында өткізді. Байқау әртүрлі елдердің студенттері мен жас зерттеушілерін біріктіріп, перспективалы ғылыми идеяларды анықтау мен қолдауға, сондай-ақ жастардың инновациялық әлеуетін дамытуға бағытталған. Шара аясында қатысушылар […]
«Шет тілдер және мәдениаралық коммуникация» кафедрасының студенттері «Глобальная научная инициатива» ғылыми порталы ұйымдастырған Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференция гуманитарлық және әлеуметтік-педагогикалық ғылымдар саласында ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін ұсынған әртүрлі елдердің жас зерттеушілерін, оқытушылар мен ғалымдарды біріктірді. Ғылыми жұмыстарды конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен Ин-23-1 тобының студенті Науменко Полина (ғылыми […]
2025 жылғы 25 қыркүйекте Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінде «Жасыл университет» экологиялық жобалар байқауы өтті. Байқауға «Bolashaq» Академиясының педагогика кафедрасының 1 және 2 курс студенттері, атап айтқанда, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламаларының ПМНО-24-1, ПМНО-25-1 топтары және «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының ПиП-25-1 тобы қатысты. Бұл байқауда біздің студенттер […]
Е.А. Бөкетов атындағы ғылыми-зерттеу университеті «Қазіргі әлемдегі діни экстремизм мен терроризмді ескерту және алдын алу » тақырыбында эссе байқауын өткізді.Конкурс қорытындысы бойынша «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 2 курс, Ю-23-2 тобының студенті С.К. Құнанбаев құрметті II орынға ие болды! Научный руководитель: Кабжанов А.Т. Студентімізді шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер мен толағай […]
2025 жылғы 6-13 сәуір аралығында Астана қаласында гандболдан VI Жастар ойындары өтті. Қарағандылық гандболшылар 7 команданың ішінен 3 жүлделі орынға ие болды. Олардың құрамында Ю-23-1 тобының студенті, спорт мастеріне кандидат Адкина Алина болды. Жас гандболшылар керемет физикалық дайындықты ғана емес, сонымен қатар тактикалық ойынның, командалық өзара әрекеттесудің және моральдық төзімділіктің […]
2024 жылдың 6 мамырында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Ұлы Жеңіс күніне және Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 толуына орай өткен аймақтық патриоттық мәнерлеп оқу байқауына Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Б.А.Абылбаеваның жетекшілігімен Шет тілі: екі шет тілі мамандығының 1-курс студенті Науменко Полина қатысып,1-орын иеленді. Байқаудың […]
Құрметті «BOLASHAQ» Академиясының студенттері мен оқытушылары! 2024 жылдың 29 ақпанында Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Б.А. Абылбаеваның жетекшілігімен біздің бірінші курс студенттері мен үшінші курс студенттері Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде мемлекеттік тілге арнап өткізілген «Мемлекеттік тіл-менің тілім!» атты іс-шараға қатысты.Бұл сайыста біздің дарынды студенттер өздерінің тілдік қабілеттері […]
23 ақпанда Семей қаласында өткен сайыскерлік самбодан Қазақстан чемпионатына іріктеу өтті. Жарыс ерлер арасында өткізілді. 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде II орынды «Bolashaq» Академиясының Ю-21-1 тобының студенті Тлеубердинов Әділ иеленді. Біз құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының ұжымы және «Bolashaq» Академиясының «Құқықтану» Білім беру бағдарламасының студенттері Әділдің жеңісімен мақтанамыз. Әділді әлемдік […]
10 ақпанда ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында облыс чемпионатынан Қазақстан Кубогына іріктеу өткізілді. 88 кг дейінгі салмақ дәрежесінде I орынды “Bolashaq” Академиясының Ю-21-1 тобының студенті Тлеубердинов Әділ иеленді. Біз “Bolashaq” Академиясының «Құқықтық және қаржылық пәндер» кафедрасының ұжымы және «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері Әділдің жеңісін мақтан тұтамыз және […]
Оқу жылының басынан бастап Қарағанды қаласының «Айгөлек «бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының (Қарағанды қаласының білім бөлімі) директоры болып «Bolashaq»Академиясының түлегі Бегайдарова Айгүл Аманжолқызы тағайындалды. «Педагогика» кафедрасының ұжымы Айгүл Аманжолқызына шығармашылық табыстар, алға қойылған мақсаттарға жету үшін инновациялық идеялар мен өз жұмысында тамаша нәтижелерге қол жеткізуді шын жүректен тілейді. Бұл қызметтік […]
ӘБІЛҚАС САҒЫНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ӨТКЕН «Байтақ елім – Қазақстан» атты аймақтық көсемсөз оқу шеберлерінің байқауында К-20-1 тобының студенті Жұрағат Аймарал үздік өнер көрсетіп 🥇1 орынға ие болды.Жетекшісі: доцент Абдрахманов Рүстем Хасенұлы!Жеңімпазды шын жүректен құттықтаймыз!
10 наурызда Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде Азаматтық құқық пәні бойынша өңірлік студенттік пәндік олимпиада өтті. Біздің Академияның атынан команда капитаны – Мақашева Айжан Ю-20-1к және Гартман Зинаида Ю-21-1, Гиберт Ксения Ю-21-1, Хинцицкий Иван Ю-21-1 тобы құрамындағы «Құқық қорғаушылар» командасы қатысты. Олар құрметті 4 орынға ие болды. Студенттер лайықты қарсыластармен күресуде жақсы […]
26-қараша күні «Bolashaq» академиясы, қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы К-20-1 тобының студенті Шоқпарова Алуа Астана қаласында өткен Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет.Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам»атты Қазақстан халқына арналған жолдауын ҚР жастары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген «Жылдың үздік студенті» байқауына қатысып,жеңімпаз атанды. Байқау қорытындысы бойынша […]
15.10.2022 жылы Шалқыма концерт залында, XXlll «Әуенді Сарыарқа» халықаралық фестивалі өтті. Фестивальда Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі және халықаралық конкурстардың лауреаттары:Салтанат Даулетханова мен Өзбекстаннан келген- Сардор Примов өнер көрсетті. Оркестрдың дирижёры халықаралық конкурстардың лауреаты-Ерлан Бақтыгерей. «Bolashaq» академиясы фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушылары мен студенттері осы фестивальде болып, өнерпаздардың өнерін […]