2021 жыл “Bolashaq” академиясының студенттері үшін жақсы жаңалықтардан басталды. Бұған “Жыл спортшысы – 2020” онлайн фото байқауының қатысушы студенттерін марапаттау себеп болды. Ағымдағы жылдың 8-15 қаңтар аралығында Жастар ісі жөніндегі комитет аталған байқауды ұйымдастырды. Қатысуға 30-дан астам ниет білдірушілер болды. Іріктеу турынан кейін Instagram әлеуметтік желісінің бетіне 9 қатысушы шығарылды. […]
Спорт
Құрметті достар! “Bolashaq” академиясының жастар ісі жөніндегі комитеті Instagram әлеуметтік желісінде “Жыл спортшысы-2020” конкурсын өткізеді. Міндет-оқырмандар мен желі қолданушыларының таңдауы бойынша ең жақсы спортшыны анықтау. Сіздерді дауыс беруге қатысуға шақырамыз. Байқауға қатысушылардың фотосуреті астына қойылған әрбір лайк пен пікіріңізге ризашылығымызды білдіреміз. Дауыс беру “Bolashaq” академиясының ресми парақшасында өтеді: https://www.instagram.com/akademy_bolashaq/?hl=ru 1️⃣ […]
2020 жылдың 12-21 қарашасы аралығында Шымкент қаласында оқ атудан республикалық жарыс өтеді. Жарысқа “Bolashaq” академиясының 1 курс студенті Молотова Елизавета Ю-20-1к тобынан қатысады. Елизаветаның есебінде көптеген медальдар мен марапаттар бар. “Bolashaq” академиясы Елизаветаға тек жеңіс тілейді! Өз студенттерімізбен мақтанамыз!
2020 жылдың 7 қарашасында заң пәндері кафедрасының 4 курс студенті Уәлиев Ерасыл Ақтау қаласында аралас жекпе-жектен 25-ші NFC турнирінде рейтингтік жекпе-жек өткізеді. Қарсыласы – алматылық Имран Мадедов. Ерасыл қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының чемпионы, спорт шебері, ABADANNFC күресшісі. Біздің студенттің қоржынында бір жеңіс емес. Ол Қазақстанның үздік жиырма жауынгерінің қатарына кіреді. […]
Күннің көп бөлігін оқу сабақтарында және үй тапсырмаларын дайындауда қашықтықтан өткізетін қазіргі заманғы студент қозғалыс белсенділігінің жетіспеушілігі кезінде үлкен психикалық жүктемелерге төтеп беруі керек. Әрине, оқу жүктемесінің жоғарылауы және студенттердің қозғалыс белсенділігінің жетіспеушілігі жағдайында университетте дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру қажеттілігі ерекше өзекті болып табылады. Мұндай жұмыстың ең тиімді құралдарының […]
Қазанның 2 жұлдызында «Bolashaq» академиясы Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен «Аманат» спорт кешенінде «Ұстаздар күніне» орай Қарағанды облысының барлық мектеп, колледж, университет мұғалімдері мен оқытушылары арасында мини-футболдан «Достық Кубогі» үшін арнайы турнир өткізілді. Алғаш рет ұйымдастырылып 2 күнге созылған спорттық додаға 32 команда қатысты. Турнирдің бас демеушісі «Bolashaq» академиясы қатысушыларға […]
Ағымдағы жылдың қыркүйектің 7 жұлдызында «Бәйтерек resort» ойын-сауық орталығында Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен жыл сайын, дәстүрлі түрде «Bolashaq» академиясының оқытушылары мен студенттері арасында шағын футболдан Ректор Кубогі үшін арнайы турнир өтті. Биылғы маусымның алғашқы жарысына Академия түлектері де қатысты. Елімізде болып жатқан індетке қарамастан, жарыс қатысушылары жоғарғы дәрежелі достық […]
Жаттықтырушы Мұрат Мейрамұлы Мухатаевтың жетекшілігімен студенттер карантин кезінде жаңа жаттығу форматына өтіп, қазіргі маусымға үй жағдайында дайындалуды жалғастыруда.Жаттығу аптасына екі рет, бір жарым сағат бойы өтеді. Күннің үш сағатында балалар ZOOM арнайы live-платформасына “эфирге” шығады. Бұған дейін команданың жаттықтырушысы Мұрат Мейрамұлы студенттерге алдағы сабақтарға арналған материалдарды жібереді, олар алдын ала […]
“BOLASHAQ” командасының жаттықтырушысы мен футболшылары үйде қалады. Бұл коронавирустың таралу қаупіне байланысты жарияланған карантин жағдайында дұрыс шешім болып табылады. Студенттер жаттықтырушы Мұрат Мейрамұлы Мұқатаевпен бірге #бізүйдеміз челленджіне қосылып, спортпен айналысуға шақырады.
2020 жылдың 28 ақпанында “Рухани жаңғыру”бағдарламасын жүзеге асыру аясында Кеңес Одағының Батырлары Ә. Молдағұлова мен М. Мәмбетованы еске алуға , 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған Қарағанды қ.жоғары оқу орындарының студенттері арасында оқпен ату бойынша аймақтық әскери-спорттық жарыста. “Bolashaq” академиясынан құрамына Фм-18-3 тобының студенттері Жарылғасын Аида, Саркен Айзат; Ю-19-1 тобының […]
Ағымдағы жылдың ақпанның жетінші жұлдызында Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен «Батыр» спорт кешенінде «2020 жыл – Еріктілер жылы» аясында «Ерікті болу – ерлік» атты «Bolashaq» Академиясының студенттері мен оқытушылары арасында мини-футболдан ашық турнир өтті. Аталмыш турнирге 7 команда қатысты. Атап айтсақ: 1. «Ecvitos» 2. «Пахтакор» 3. «Динамо-САМ» 4. «Абзал жандар» […]
8-9 қарашада Әзірбайжанда Грэпплинг күресі бойынша Әлем Чемпионаты өтті. Оған Ин-19-2 тобының студенті, “Шетел тілі: екі шетел тілі” білім беру пәнінің студенті Құсайынова Жанеля қатысты. Жанеля Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетіп, 2-ші орынға ие болды! Құттықтаймыз!
Қарашаның 13 жұлдызында «Bolashaq» академиясының Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен «Студенттер үйі» тұрғындарының арасында «Студенттер күніне» арналған жыл сайынғы, дәстүрлі спартакиада өтті. Спартакиада спорттың 4 түрінен өтті. Атап айтсақ, кір тасын көтеру, қол күрес, дойбы және арқан тартыс. Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Кір тасын көтеруге 14 жігіт бел буды. […]
16 қазан күні Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығы СӨС насихаттау аясында С. Сапиев атындағы спорт кешенінде шағын футболдан “Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығының ауыспалы кубогы” турнирін өткізді. Турнирге Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығының, Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған “Ұлағат” шығармашылық жастар клубының және “VolteQ”волонтерлік корпусының командалары қатысты. “Ұлағат” […]
“Bolashaq” академиясының ректоры, профессор Қ. Н. Меңлібаев зПиП-18-1с тобының студенті Құрмансейтов Дулат Мұратұлымен кездесті. Дулат ҚР спорт шебері, тэквондодан халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері, қара белбеуі және 3 дан иегері. Құралбай Несіпбекұлы студентті кезекті жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта жеңістер мен табыстар тіледі.