Біздің жеңістеріміз

16 қазан күні Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығы СӨС насихаттау аясында С. Сапиев атындағы спорт кешенінде шағын футболдан “Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығының ауыспалы кубогы” турнирін өткізді.

Турнирге Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығының, Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған “Ұлағат” шығармашылық жастар клубының және “VolteQ”волонтерлік корпусының командалары қатысты.

“Ұлағат” шығармашылық жастар клубын “Bolashaq” академиясы масс-медиа орталығының редакторы Нарынов Э. С. таныстырды.

Команданы капитан ретінде басқарып, ол турнирдің үздік ойыншысы болды және команданы жеңіске әкелді.

Жарыс қорытындысы бойынша “Ұлағат” командасы 1-ші орынға ие болды.

Турнир аяқталғаннан кейін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Жастар ресурстық орталығыны директорының орынбасары М. У. Туляков жарыс қатысушыларын құттықтап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар мен дипломдар табыс етті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.