Түркістандағы Халықаралық конференцияға қатысты

“Bolashaq” академиясының Ю-19-2 тобының студенті Кожахметов Марлен 16-19 маусым аралығында Түркістан қаласында Қазақстан студенттер альянсының ұйымдастырылуымен Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен «Орталық Азия жоғары білім кеңістігі:өңірлік ынтымақтастық, ұлттық реформалар» атты Орталық Азия мемлекеттерінің білім министрлерінің қатысуымен өткен конференцияға қатысты. Жиынға Қазақстан, Өзбекстан, Түркменстан, Қырғызтан елдерінің білім министрлері және Қазақстан студенттер альянсының әр өңірдегі мүшелері қатысты.

Жиын нәтижесі бойынша, алдағы уақытта Орталық Азия елдерінде ЖОО Альясын қалыптастыру және студенттер альянсы құру жоспарланды.

Одан бөлек, Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетімен және Түркістан халықаралық туризм университетімен меморандум жасалынды.

Сонымен қатар альянс мүшелері Арыстан-Баб, Қожа Ахмет Йасауи кесенелерінде, Ақмешіт әулие үңгірінде болды және Түркістан қаласында жаңадан ашылған “Керуен-сарай” көпфункционалды туристік кешенін аралады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.