Құрметті достар! “Bolashaq” академиясы сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнімен шын жүректен құттықтайды! Дәл осы күні-1 желтоқсанда Тұңғыш Президент сайланды, біздің мемлекеттілігіміздің бүкіл барысы мен дамуына даусыз ықпал ете отырып, Қазақстан Республикасының президенттік институты құрылды. Бұл мереке көпұлтты Қазақстанның көк байрағы тігіліп, жылдар бойғы арманының орындалған күні. […]
Monthly Archives: Қараша 2020
2020 жылғы 27 қарашада “Өрлеу “БАҰО” АҚ “Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты” ҚР Білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде “Ауылдық шағын жинақталған мектеп: қазіргі жағдайы және даму болашағы” атты республикалық ғылыми-практикалық желілік конференциясын онлайн режимде өткізді. Конференцияның мақсаты білім беру мазмұнын […]
“Руханият” ҒЗО директоры А.У. Аупенова 2020 жылғы 27 қарашада Қарағанды техникалық университетінде Тұңғыш Президент күні қарсаңында online – форматта өткен “Елі сүйген, Елін сүйген-Елбасы” республикалық дөңгелек үстелінде Тұңғыш Президент күніне арналған баяндама жасады. Қарағанды облысы әкімдігінің атынан іс-шараға қатысушыларға “Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы” ММ басшысы Е.Б. Құсайын құттықтау сөз […]
Қарағанды қаласының нашақорлықтың алдын алу жөніндегі қоғамдық бастамасының қызметі шеңберінде Жастар ресурстық орталығы “Үміт” ҚБ-мен бірлесіп, 2020 жылғы 30 қарашада қоғамдық бастама мақсатында синтетикалық есірткілердің адам ағзасына әсерін түсіндіру үшін студенттермен Халықаралық ЖИТС-пен күрес күніне профилактикалық вебинар өткізді. Вебинар ZOOM платформасында онлайн режимінде өтті .”Bolashaq” академиясының студенттері аталған іс-шараға белсенді […]
Жастар – халықтың жарқын болашағының үміті Ахмет Байтұрсынов Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) “Адалдық сағаты” жалпыреспубликалық акция шеңберінде мәдениет қайраткері, “Құрмет” орденінің кавалері, “Қазақстанның 100 жаңа есімі” жобасының жеңімпазы, ақын-айтыскер Бекарыс Шойбековпен бірлесіп “Ахмет Байтұрсынов — адамзат және білім нәрі”тақырыбына сұхбат түрінде бейне-дәрістер әзірледі. […]
2020 жылдың 27 қарашасында “№45 гимназия” КММ -де сегізінші сынып оқушылары арасында зИН-18-1к студенті Макарова Полинаның жетекшілігімен “Орта буын оқушыларының сыныптан тыс іс-әрекетіндегі ағылшын тіліндегі палеонтологиялық компонент” тақырыбындағы дипломдық жұмысы аясында кезекті сынып сағаты өтті. Оқушыларға ежелгі флора мен фауна арқылы туған өлкесін дәріптеу мақсатында шамамен 04 желтоқсан мен 15 […]
2020 жылдың 26 қарашасында Қарағанды облысы білім басқармасының “Сарыарқа дарыны” аймақтық ғылыми-әдістемелік орталығы базасында Қарағанды облысы оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары республикалық байқауының дәстүрлі 1 кезеңі өтті. “Құқық” секциясы бойынша конкурстық комиссияның төрағасы болып заң пәндері кафедрасының меңгерушісі, профессор Қабжанов Ақылбек Тайболатұлы қатысты. Іс-шара қашықтықтан ZOOM онлайн-платформасында өтті. Біздің аймақтың түкпір-түкпірінен келген […]
2020 жылғы 15-23 қараша аралығында “Лингвомәдени компоненті бар биологиялық терминдердің үштілді сөздігін құру” тақырыбындағы гранттық жобаның ғылыми қызметкерлері Қалижанова Анна Николаевна, Марышкина Таисия Владимировна және Ишмуратова Маргарита Юлаевна Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Қазақстан-Ресей медициналық университетіне сөздіктің дискілі нұсқасын енгізу мақсатында Алматы қаласына іссапармен барды. Іссапар барысында қызметкерлер Ғылым ордасы […]
2020 жылдың 28 қарашасында “Bolashaq”академиясының Ғылыми кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті. Кеңестің күн тәртібінде: заң ғылымдары кафедрасының доценті, з.ғ. к.Әбдіжами Айтуған Жұмахметқызына және ф.ғ.к. қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сембиев Құрманғазы Зәкірұлына ҚР БҒМ 2020 жылғы “Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы” конкурсының республикалық турына қатысу үшін “Bolashaq” академиясының кандидатураларын […]
Құрметті достар! Сіздерге көруге кеңес береміз! Бірінші желтоқсан күні сағат 21: 40-та “Хабар” телеарнасының эфирінде Елбасы Баспасөз қызметі мен Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен журналист Айгүл Әділованың “Портретке штрихтар” деректі фильмінің бірінші сериясының премьерасы өтеді. “Портретке штрихтар” – бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған, Қазақстанның Тұңғыш Президенті тұлғасының бұрын көрерменге […]
2020 жылдың 26 қарашасында “Руханият” ҒЗО -ның директоры А.У. Аупенова өлкетану зерттеулері аясындағы “VIII Нүсіпбек оқулары” аясында өткізілген “Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесі және Ақай Нүсіпбековтің мұрасы” атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға “517-ші эвакуациялау эпосы”баяндамасымен қатысты. Конференцияны ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және […]
2020 жылғы 25 қарашада “Руханият” ҒЗО директоры, ҚХА ҒСТ мүшесі Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық тобының офлайн-отырысына қатысты. Отырыста келесі мәселелер қаралды: – 2020 жылғы 11 қарашада Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында Тұңғыш Президент – Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев көтерген мәселелерді талқылау. -2020 жылы Қарағанды облысы Қазақстан халқы […]
2020 жылдың 25 қарашасында Skype платформасында “Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу”, “Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі” кафедрасының студенттеріне арналған “Коронавирустан қалай қорғануға болады” кураторлық сағаты өтті. О Кураторлық сағаттың ұйымдастырушылары “Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу” кафедрасының оқытушылары: п.ғ к. Шалтаева Р.Ж., аға оқытушылар Жанысбаева Р.М., Таликова Г.Т. және […]
Жоғары білікті педагогтарды даярлаудың маңызды шарты практикалық сабақтарды дұрыс ұйымдастыру және өткізу болып табылады. Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасының оқытушылары білім беру процесінің жоғары деңгейде болуына және теориялық қана емес, практикалық сипатта болуына қамқорлық жасайды. Өйткені, кәсіби дағдыларды игеру – прогрессивті жастар мен жұмыс берушілердің басты сұранысы. Теорияны практикаға […]
Құрметті студенттер! Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында Сіздерге ҚР-ның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған деректі фильмдер көруді ұсынамыз. Фильмдер Нұрсұлтан Әбішұлының тұлға ретінде қалыптасу жолдары, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолдары туралы баяндайды. “Тәуелсіздіктің жеті қыры: Сынақ сағаты” “Тәуелсіздіктің 7 қыры: Дана шешім” “Тәуелсіздіктің 7 қыры: Күш – бірлікте” […]