Пікір

«Болашақ» академиясына таңдауым түскеніне өте қуаныштымын! «Болашақ» академиясына түсуді мақсатты түрде таңдадым және еш өкінбеймін.  «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру» бағдарламасы бойынша оқыған 4 жылда академия қабырғасында өткізген әр күнім таңғажайыпқа толы болды.  Айналамдағы оқытушылар және студенттер өте қамқор жандар, ұстаздарымыз әрқашан көмекке келуге дайын  және кез келген студентке жаңа нәрсені үйрете алады.

Академияны аяқтау арқылы өз ісінің жоғары білікті маман болу мүмкіндігі бар. Біздің академия-жоғары білім алу ғана емес, өз ісінің сарапшысы болуына да тамаша мүмкіндік! Ал ең үлкен артықшылығы оқытушылар құрамы. Сонымен қатар, көптеген студенттер университет жұмысына тартылған. Олар халықаралық студенттермен жұмыс істейді және ғылыми, мәдени, спорттық және ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастырушылар болып табылады. Санаулы уақыттан соң мен «Болашақ» академиясының түлегі атанбақшымын, академиямыз бен кафедрамызға баға жетпес тәжірибе үшін, маман болуымызға дарытқан ілім-білімдері үшін  мың алғыс! Жарқын болашақты көздесеңіздер «Болашақ» академиясының есігі барлығымызға ашық!

«Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» бойынша 4- курс студенті Камкат.А.Т.