Kazpravda.kz Coronavirus 2020 – ға сілтеме жасай отырып Қазақстанда 11 желтоқсанға арналған ковидті пневмониямен ауырғандар мен қайтыс болғандар туралы деректер жарияланды деп хабарлайды
Хабарламада айтылғандай, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 137 жағдайы және 4 өлім тіркелді. 65 адам сауығып кетті.
1 тамыздан бастап барлығы: ауырғандар – 43635, қайтыс болғандар – 462, сауыққандар – 31 282 адам тіркелді.
Құрметті достар! “Bolashaq” академиясы сізге және сіздің жақындарыңызға мықты денсаулық тілейді және инфекциялар профилактикасының барлық қажетті шараларын, оның ішінде маусымдық шараларды сақтауды сұрайды.
Covid-19 таралуының алдын алу үшін:
Қол гигиенасын сақтаңыз. Қолыңызды сабынды сумен жиі жуыңыз немесе алкоголь қосылған антисептик жағыңыз;
Түшкіретін немесе жөтелетін адамдардан қауіпсіз қашықтықта болыңыз;
Басқа адамдармен араласқан кезде бетперде киіңіз;
Қолдарыңызды көзіңізге, аузыңызға немесе мұрныңызға тигізбеңіз;
Жөтелгенде немесе түшкіргенде ауызды және мұрынды шынтақ буынымен немесе орамалмен жабыңыз;
Егер сіз өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, үйде болыңыз;
Қызба, жөтел және демікпе пайда болған жағдайда медициналық көмекке жүгініңіз. Сіз неғұрлым тезірек көмек сұрасаңыз, соғұрлым тезірек қажетті дәрігерге барасыз.
Осылайша сіз өзіңізді қорғап, вирустар мен басқа инфекциялардың таралуына жол бермейсіз.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!