ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ МЕН ОҚЫТУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА БЕЙБІТ АТОМ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҮЗДІК БЕЙНЕРОЛИККЕ БАЙҚАУ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі “Қазақстандық атом электр станциялары” ЖШС-мен бірлесіп қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары арасында бейбіт атом тақырыбында үздік бейнероликке конкурс ашты.

Конкурс шарттары:

  • Бейнеролик кез келген жанрда конкурсанттың қалауы бойынша түсірілуі мүмкін (ақпараттық материал, сұхбат, репортаж, бейнеклип, музыкалық, анимациялық және әзіл-сықақ ролик және т. б.), ұзақтығы 20 секундтан 3 минутқа дейін;
  • Instagram, Youtube, TikTok және Facebook әлеуметтік желілерінде 2023 жылдың 10 қарашасы мен 11 желтоқсаны аралығында бейнеролик жариялануы керек.
  • Бейнероликтің атауында # БейбітАтом хэштегі болуы керек;
  • 1 қатысушының бейнероликтер саны-шектелмеген;
  • Конкурс қорытындысы шығарылғанға дейін конкурсанттың аккаунты ашық болуы тиіс;
  • Конкурсқа қатысушы ҚАЭС-тің Instagram @knppkz және Telegram аккаунттарына жазылуы тиіс https://t.me/knpp_kz ;
  • Конкурстың жеңімпаздарын Конкурстық комиссия мынадай критерийлер бойынша анықтайды: мазмұны, өзіндік ерекшелігі, шығармашылығы, аудиторияның қызығушылығы.
  • Конкурс нәтижелері бойынша жеңімпаздар ақшалай (50 000-нан 200 000 теңгеге дейін) және көтермелеу (КАЭС брендтелген өнімі) жүлделерін алады;
  • Конкурсқа қатысатын кез келген жұмыстарды кейіннен “КАЭС” ЖШС халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмысында пайдалана алады.

Нәтижелерді жариялау және жеңімпазды марапаттау 2023 жылдың 20 желтоқсанында өтеді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.