ҚАЗАҚСТАН ТЕРАПЕВТЕРІНІҢ КОНГРЕСІ

16-17 қарашада Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында “Дәрілік терапияның сапасы мен қауіпсіздігі: әлемдік трендтер мен стандарттар” атты Қазақстан ТЕРАПЕВТЕРІНІҢ конгресі өтті. Астана қ., Ә. Бөкейхан к-сі, 1а. гибридті форматта (off-line /lline).

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. Онлайн форматта фармацевтикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. доцент Д. К. Пахомова және кафедра доценті, х.ғ.к. О. А. Сиволобова қатысты.

Конгресс жұмысына терапевтік бейіндегі жетекші отандық және шетелдік мамандар қатысты, олар өздерінің сараптамалық пікірлерін ұсынды, ішкі аурулардың дәрілік терапиясы саласындағы тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті. Алыс шет елдерден: Италия, Польша, Албания, Румыния, Түркия және таяу шет елдерден: Ресейдің, Өзбекстанның және Украинаның түрлі жоғары оқу орындарынан баяндамалар ұсынылды.

Конгресс аясында ішкі аурулар клиникасындағы дәрілік терапияның өзекті мәселелері талқыланды, оңтайлы терапияны таңдаған күрделі және ауыр науқастарды емдеу жағдайлары, жаңа дәрі-дәрмектер, оларды қауіпсіз қолдану ерекшеліктері ұсынылды.

Конгресс екі күн жұмыс істеді. Аталмыш конгресте екі пленарлық, 6 секциялық отырыс өткізілді.

-“Госпитальдық фармация көпсалалы стационардағы дәрілік терапия қауіпсіздігінің элементі ретінде” САТЕЛЛИТТІ СИМПОЗИУМЫ;

– “Госпитальдық фармация: ҚР-дағы проблеманың жай-күйі және даму векторлары” дөңгелек үстелі – I мастер-класс – Госпитальдық фармация бөлімшесіндегі провизор мен медбикенің жұмысы. Практикалық аспектілер;

-мастер-класс II – Дәрі-дәрмектерді басқару. ШЖҚ “Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы” РМК тәжірибесі.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.