Астанада ағымдағы жылдың 9-10 ақпанында Еразия ұлттық университетінде ЖОО проректорларының, ҚР Жоғары білім және ғылым министрлігінің өкілдерінің, психологиялық қызмет басшыларының, ЖОО жастармен жұмыс департаментінің директорларының және студенттердің қатысуымен жастарды әлеуметтендіру бойынша Форум өтті. Форумға “Bolashaq” академиясының өкілдері, ӘТЖ жөніндегі проректор Р.Н.Исмаилова, ЖІК төрағасы М. К. Байшағиров, психологиялық қызметтің жетекшісі С.С. Шутенова қатысты.
Ұйымдастырылған іс-шара жоғары білім мен ғылымның өзекті мәселелеріне арналған.
Форумды ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау сөзімен ашты. Министр өз сөзінде жоғары білімнің қолжетімділігі, кадрлармен қамтамасыз ету, жоғары білімнің инфрақұрылымы мен цифрлық архитектурасын дамыту, интернационалдандыру, білім беру сапасын қамтамасыз етудің ұлттық моделі, университеттердің үшінші миссиясы, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту, сондай-ақ халықты бейресми біліммен қамтуды кеңейту мәселелерін айтты.
Министрдің айтуынша, министрліктің басым және түйінді бағыттарының бірі жоғары білімге қолжетімділікті сақтау болып табылатындығы, сондай-ақ студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету проблемалары туралы айтып өтті, жатақханалардағы төсек-орын тапшылығы проблемаларын шешу үшін құрылысшыларға берілген мемлекеттік тапсырыс шарттары қайта қаралды.
Аталған сұрақтардан кейін Саясат Нұрбек елдегі ғылымды дамытуға, ҚР-дағы шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарына, жоғары оқу орындарының серіктестігіне, кадрлық әлеуетті нығайтуға (материалдық ынталандыру), университеттерге бағытталған ашық ғылым моделіне көшу жүзеге асырылуда екендігіне, сондай-ақ 2026 жылға дейінгі ғылымның басым міндеттеріне тоқталып өтті.
Форум бағдарламасына сілтеме:https://disk.yandex.ru/d/hVvoj9K-qR7G7A
Одан кейін шақырылған спикерлер қызықты баяндамалар жасады, олардың арасында форумның келесі сөз сөйлеушілерін атап өткіміз келеді: Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары – Ақерке Абылайхан: “Әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректорлардың жұмысына арналған негізгі месседждер”, Ваганова Елена Николаевна-ҚР Ішкі істер министрлігінің Наркобизнеске қарсы күрес департаменті ведомствоаралық үйлестіру және алдын алу басқармасы бастығының орынбасары: “Есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары”, Абетова Айгулим Абдурасуловна – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми Менеджмент және білім беру бөлімінің меңгерушісі: “Білім алушылардың психикалық денсаулығын қорғау” тақырыбында, Нұрланов Шыңғыс Нұрланұлы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры: “Әлеуметтік даму жөніндегі проректор: миссиясы мен міндеттері”.
Форумға қатысушылар жастарды қолдау, инклюзивті білім беру және оның жоғары оқу орындары мен ҒЗИ-да қолжетімділігі, білім алушылардың психикалық денсаулығын қорғау, жоғары оқу орындарының инфрақұрылымын кеңейту қажеттілігі мәселелерін нәтижелі талқылады.