10.11.22. ЖИТС орталығының маманы Г. А. Усманова АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша дәріс өткізді. Дәрісте АИТВ/ЖИТС ауруының себептері, берілу жолдары көрсетілген. АИТВ жұқтырғандарды бейімдеуге, қоғамда толеранттылықты арттыруға ерекше көңіл бөлінетіндігі айтылды.
АИТВ су, тұрмыстық, ауа тамшылары арқылы, ортақ ыдыс-аяқ, дәретхана арқылы, көлікте, аудиторияда, қол алысу арқылы берілмейді. СПИД-пен ауыратын науқастардың бейнебаяны көрсетілген. Қазіргі емдеу тіпті АИТВ жұқтырған әйелге сау бала тууға мүмкіндік береді.
АИТВ / ЖИТС туралы ақпараты бар дәптерлер таратылды