Тәжірибеге бағытталған оқыту-студенттердің табысты білім алуының кепілі.
2021 жылдың 10 қарашасында ю-20-1 және ю-20-1к топтарының студенттері Қарағанды облысы атқару округінің жеке сот орындаушысы Саяхат Мұхаметқалиұлы Ахметжановпен кездесті.
Аталған іс-шараның мақсаты академия студенттерінің практикаға бағытталған оқытуы болып табылады.
Саяхат Мұхаметқалиұлы студенттерді қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша атқарушылық құжаттарды жіберу, борышкерден атқарушылық санкцияны, өсімпұлды, атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды өндіріп ала отырып, атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату кезінде туындайтын мәселелер бойынша соттардың жұмысымен таныстырды.
Кездесуде атқарушылық парақтарды тіркеу, бөлу және сот актілерін орындау мәселелері талқыланды. Сонда-ақ атқарушылық іс жүргізу саласында туындаған өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары қаралды.
Студенттер қойылған сұрақтарға толық жауап алды.