2021 жылдың 9-10 сәуірінде О.Е. Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң университетінің базасында ( Мәскеу қ., Ресей Федерациясы) заңтану саласындағы ең ірі конференциялардың бірі – «Ресей құқығы жүйесіндегі дәстүрлер мен инновациялар» XX Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті, онда «Халықаралық Еуропалық құқық» секциясы шеңберінде «Kazakhstan and the European Union: problems and prospects for the development of legal relations» (Қазақстан және Еуропалық Одақ: құқықтық қатынастарды дамытудың мәселелері мен перспективалары) тақырыбында «Bolashaq» академиясы ДЮ-20-1С тобының студенттері Жанабаев Данияр және Мерденов Арман баяндама жасады, ғылыми жетекшілері Құқықтану кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., профессор Қабжанов Ақылбек Тайболатұлы.
Конференция қорытындысы бойынша 4 томнан тұратын тезистер жинағы шығарылып, РҒАО базасына енгізілді.
Конференцияға қатысушылар мен олардың ғылыми жетекшілері сертификаттармен және грамоталармен марапатталды.


«Bolashaq» академиясы Данияр мен Арманды, сондай-ақ олардың ғылыми жетекшісі Ақылбек Тайболатұлын жетістіктерімен құттықтайды және алдағы уақытта оқу мен жұмыста шығармашылық және ғылыми табыстар тілейді.


