“Қарқаралы ауданының білім бөлімі” ММ аудандық «Болашаққа бағдар» форумын ұйымдастырды

2023 жылдың 4 мамырында “Қарқаралы ауданының білім бөлімі” ММ әкімшілігі 9-11 сынып оқушыларына арналған “Болашаққа бағдар” кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында форум өткізді.

Аталған форумға педагогика кафедрасының аға оқытушылары: Шутенова С.С., Байбекова В.А., Мекадилова С.К. қатысты. Сондай-ақ, Қарағанды қ., Теміртау қ. жоғары оқу орындары мен колледждерінің өкілдері де болды.

Оқытушылар аудан мектептерінің түлектерін “Bolashaq” Академиясы көрсететін білім беру қызметтері туралы ақпараттандыру мақсатында қатысты.

Аудан мектептерінің түлектері “Bolashaq” Академиясының күндізгі бөлімдерінде талапкерлерді қабылдау ережелерімен және оқу шарттарымен танысты, оқытушылар түлектердің оқу құны мен ұзақтығы, магистратурада оқуды жалғастыру мүмкіндігі, бюджеттік орындардың болуы туралы және т.б. сұрақтарына жауап берді.

Сабира Сартайқызы мен Венера Әлімқұлқызы мектеп түлектеріне Академияның бакалавриаты мен магистратурасында білім алу арқылы қандай білім беру бағдарламаларын алуға болатындығы, алынған білім беру бағдарламаларының қандай мүмкіндіктер ашатындығы, олардың еңбек нарығында қаншалықты сұранысқа ие екендігі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Оқушыларға Академияның материалдық-техникалық базасы, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және алыс шетелдің басқа жоғары оқу орындарымен байланыстары, шетелде білім беру гранттарын алуға арналған конкурстарға қатысу мүмкіндіктері туралы айтылды. Олар студенттердің бос уақыттарын ғылыми зерттеулермен, вокалмен, бимен, театр қойылымдарына, түрлі шығармашылық байқауларға қатысумен қаншалықты қызықты өткізетіні туралы айтты.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.